Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2024, № 4.2024, с. 133-146

АЙҚАСПАЛЫ ТЕРМОПЛАСТИКАЛЫҚ КАБЕЛЬ ЖҰМЫС ҰСТІНДЕ ОҚШАУЛАУ КҮЙІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ АПАТТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

А. А. Кисманова, Қ. Төребек, А. У. Аджанов, К. М. Шакишева

Аннотация · Abstract

Айқаспалы термопластикалық кабель (XLPEcables) – электрмен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығы үшін өте маңызды. Электрмен жабдықтау жүйесіндегі апаттары орын алған кезде ол оның құзыретіндегі аймақта электр қуатының үлкен сөндірілуіне, жүйесінің істен шығуына әкеледі. Жасырын ақауларды тез жою және жүйенің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үлкен маңызға ие. Сондықтан электрмен жабдықтау желісінде кабелдің жұмысының қауіпсіздігі мен сенімділігі жеткілікті назар аударып, апаттарды болдырмау және жұмыс жағдайын бақылау үшін қажетті және тиісті шараларды қабылдау қажет. Кабелді қуат көзінен ажыратылғандағы оқшаулау өнімділігін тексерудің дәстүрлі әдістері электр қуатының нақты қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Бұл мақалада айқаспалы термопластикалық кабель оқшаулағышын керісінше жұмыс үстінде анықтау әдістері келтіріліп, оның артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жүргізілді және даму бағыты талқыланды. Айқаспалы термопластикалық кабельдердің (XLPEcables) жақсы оқшаулау өнімділігі орташа және төмен кернеу өрістерінде ескі оқшауланған кабельдерді алмастырып, жоғары кернеу деңгейлерінде де кеңінен қолданылуда. Дәстүрлі профилактикалық сынақтардың электр қуатын өшірумен жүргізілуі, қазіргі таңда онлайн бақылау технологияларын зерттеуді қажет етеді. Бұл кабельдердің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын уақытында жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: айқаспалы термопластикалық кабель; оқшаулағыш; электр қауіпсіздігі, кабельдер мен желілер

Сведения · Details