Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 4, 2025, с. 419-430

ӘДЕБИ КОНТЕКСТЕГІ «ҚЫЗЫЛ АЛМА» СИМВОЛЫ: ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРІГУ (ТҰРАН) ФЕНОМЕНІ РЕТІНДЕ

Т. Е. Нургазиев

Аннотация · Abstract

Мақалада түркі дүниесі танымында ерекше орынға ие «Қызыл алма» символының мәні әдебиет пен мифология сабақтастығы сипатында зерделенеді. Мақалада бұл символдың Тұран идеясымен байланысы, түркі мемлекеттерінің тарихи және мәдени бірлігі талданады. «Қызыл алма» ежелгі түркі мифологиясында ортақ мақсат, билік және мәңгілік ұмтылыс символы ретінде қарастырылады, ал әдеби шығармаларда ол идеологиялық бірігудің метафорасы ретінде көрініс табады. Э. Фромм, С. Қасқабасов, З. Гёкальп сияқты ойшылдардың еңбектеріне сүйене отырып, мақала «Қызыл алманың» саяси және мәдени аспектілерін ашады, оның түркі әлеміндегі ұжымдық бірегейлікті нығайтудағы рөлін көрсетеді. Сонымен қатар әдеби контексте алманың махаббат, бақыт және күш тақырыптарымен байланысы қарастырылады, бұл оның символдық әмбебаптығын айғақтайды. Зерттеу әдісі ретінде мифологиялық талдау мен әдеби интерпретация қолданылады, әдеби шығармалардан мысалдар келтіріледі. Нәтижесінде «Қызыл алма» тек әдеби бейне ғана емес, сонымен қатар түркі халықтарының бірлігі мен Тұран феноменінің рухани және саяси негізі ретінде түсіндіріледі. Мақала әдебиеттану және мәдениеттану, әдеби байланыстардың ерекшеліктерін зерделеуге, әдеби үдерістерді талдауға үлес қосып, «Қызыл алма» символының қазіргі замандағы өзектілігін айқындайды. Кілтті сөздер: Тұран, әдебиет, қызыл алма, символ, фольклор, мифология.

Сведения · Details