Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2025, № 1.2025, с. 233-250
ҚР ЭКОНОМИКАСЫН ТҰРАҚТЫ ДАМУЫТУДАҒЫ ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ РӨЛІ
Аннотация · Abstract
Мақалада, цифрлық технологияларды енгізудің артықшылықтары және олардың мемлекеттің экономикалық өсуіне әсері қарастырылды. Бүгінгі таңда цифрландыру жаһандық күн тәртібіне кіретін әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылуда. Экономиканы цифрландыру үрдістерін зерттеу 2020 жылы басталған, цифрлық технологиялардың маңыздылығын көрсеткен және әртүрлі елдердегі бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселелерді ашқан COVID-19 пандемиясына байланысты ерекше назар аударды. Цифрландыру экономиканың тұрақты дамуына қол жеткізу факторы ретінде бағаланады. Мақаланың мақсаты – қоғамдық өмірдің барлық салаларын, әсіресе экономиканың маңызды салаларында цифрландыруды енгізу мәселелерін қарастыру. Цифрлық технологияларды енгізу міндеті кез келген елдің, атап айтқанда Қазақстан Республикасының экономикалық даму қарқынын жеделдету және соның салдарынан ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану есебінен халықтың әл-ауқатын жақсарту, сондай-ақ ел экономикасының дамудың мүлдем жаңа сатысына көшуін барынша аз шығындармен қамтамасыз ету болып табылады. Мақсатқа жету үшін зерттеудің әртүрлі әдістері пайдаланылды, зерттелетін мәселе бойынша теориялық және практикалық деректерді жіктеу және жүйелеу; нормативтік-құқықтық базаны талдау, Қазақстанда ақпараттық ресурстарды пайдаланудың ағымдағы жай-күйі туралы статистикалық деректерді талдау және негізгі проблемалар мен сын-қатерлерді анықтау; СВОТ-талдау жасалды. Мақаланың қорытындылары экономикалық өсуді ынталандыру үшін АКТ саласының кейбір мәселелері және цифрландыруды қарқындату бойынша ұсыныстардың маңыздылығы анықталды. Кілтті сөздер: экономикалық өсу, цифрлық технологиялар, киберқауіпсіздік, ғаламтор, цифрлық экономика.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/vnmj2943
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Economics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0