Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2022, № 2.2022, с. 246-258

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ОТБАСЫНЫҢ ЫҚПАЛЫ

А. А. Таутенбаева, М. Ж. Муслимова, Б. Т. Абыканова

Аннотация · Abstract

Мақалада қазіргі қоғамдағы отбасы мәселесі қозғалған. Отбасындағы туындаған қиындықтар мен проблемалар жасөспірімнің тұлғалық қалыптасуына, эмоционалдық игілігіне қаншалықты ықпал ететіндігіне ерекше назар аударылған. Мақалада Қазақстандағы тәуелсіз зерттеу ұйымының 2018 жылғы жүргізген зерттеуіне, «Қазақстан жастары 2019» Ұлттық баяндамасы мен Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған бала тәрбиесі мәселесіне шолу жасалынған. Жалпы бала тәрбиесінде отбасы маңызды орынға ие. Отбасында қалыптасқан қарым-қатынас, өзара сыйластық, отбасылық ұстанымдар т.б. баланың бойындағы негізгі қағидат ретінде қалыптасады. Сонымен қатар отбасындағы ата-ананың жұмысбастылығы, бала тәрбиесіне жете көңіл бөлмейтіндігімен қатар қоғамда ажырасу жиілігі нәтижесінде балалар жалғыз басты ана қамқорлығында болуы, толық емес отбасында тәрбиеленуі баланың жасөспірімдік кезеңдегі көптеген қиындықтарға кез болатындығының бірден бір факторы ретінде қарастырылған. Баланың өскен ортасы оның тұлғалық қалыптасуымен қатар, эмоционалдық игілігіне де ықпал етеді. Мақалада эмоция, психофизологиялық негізі мен жағымды, жағымсыз әсері зерделенеді. Мақалада жасөспірімдердің эмоционалдық жағдайына отбасының ықпалын зерттеу мақсатында жүргізілген сауалнама мен проективті әдістің нәтижесіне талдау жасалған. Зерттеу проблемасы тұрғысынан жасөспірімдердің эмоционалдық жағдайына отбасының ықпалы анықталып, қорытынды жасалған.

Сведения · Details