Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 1,2024, с. 268-283
Бейвербалды амалдар және ұлттық таным
Аннотация · Abstract
Мақалада қазіргі күні өзектілігін жоймай келе жатқан тілдесімнің бір түрі – бейвербалды амалдар сөз етіледі. Осы уақытқа дейін бейвербалды амалдар психологиялық және тілдік тұрғыда жан-жақты зерттелгенімен, әлі де бұл салада қарастырылатын сұрақтар аз емес, әсіресе ұлттың танымына, салты мен дәстүріне сай жұмсалатын тілден тыс құралдарды, ым-ишараттарды тілдік тұрғыда талдау өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Паралингвистикалық амалдарды ұлттың танымы тұрғысында қарастырған ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, нақты тілдік деректер арқылы қазақ танымына сай қолданылған ишараттардың мағынасына талдау жасалады, олардың қолданыс аясы анықталады. Қамшы қазақ халқының киелі құралының бірі екенін талдай келе, оның негізінде жасалатын ишараттардың беретін мағынасы анықталып, жұмсалу аясы белгіленді. Тарихи тақырыпта жазылған шығармалардан алынған мысалдар арқылы мағынасына талдау жасалды. Халық өміріндегі қайғылану, қайғыға ұшырау кезінде жасалатын ишараттарға тоқталып, көркем шығармадан алынған мысалдар негізінде талданды. Халық танымында қара түс қайғыны сипаттайды дей келе, оны тілдік тұрғыда жан-жақты талдайды. Қазақ халқының айтар ойын тура айтпай, бейвербалды амалдар арқылы да тұспалдап жеткізіп отырғандығын дәлелдейді. Кілтті сөздер: Бейвербалды амалдар, ишарат, ұлттық таным, салт-дәстүр, қамшы.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/vkts3286
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0