Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2025, № 3, 2025, с. 469-484
РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР-БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ МАҢЫЗДЫ КӨРСЕТКІШІ РЕТІНДЕ
Аннотация · Abstract
Мақалада рухани адамгершілік құндылықтар болашақ мамандарды жетілдірудің маңызды көрсеткіші ретінде қарастырылған. Қазіргі таңда қоғамның әлеуметтік, этникалық, діни және мәдени жағдайында рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде оқыту мен тәрбие беру мемлекеттік білім беру саясатының маңызды басымдылығына айналды. Елді жаңғыртудың негізгі факторы білім беру ұлттық келісімнің, қоғамның имандылығының, тұлғаның рухани бай болуы мен соның негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін нығайтудың кепілі болуды көздейді. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы – әлеуметтену процесінде жүзеге асырылатын жеке тұлғаның құндылық-семантикалық саласының дәйекті түрде кеңеюі мен нығаюы, адамның дәстүрлі адамгершілік негізінде бағалау және саналы түрде өзіне, басқа адамдарға, қоғамға, мемлекетке, Отанға, жалпы әлемге деген қатынасының нормалары мен адамгершілік идеалдарды құру қабілетінің қалыптасуымен сипатталады. Осы ретте біз өз мақаламызда болашақ мамандарды жетілдірудің маңызды көрсеткіші ретінде – рухани адамгершілік құндылықтар мәселесін жан-жақты қарастыруға әрекет жасадық. Зерттеу жұмысы барысында болашақ әлеуметтік педагогтардың рухани-адамгершілік құндылықтарын анықтау мақсатында М.И.Шилованың «Жастардың рухани-адамгершілік құндылықтары» әдістемесі мен қосымша сұрақтар қолданылды. Алынған нәтижелерге сандық және сапалық талдау жасалды. Осылайша, рухани-адамгершілік құндылықтар болашақ мамандарды жетілдіруде білім беру жүйесінің әлеуметтік тапсырысының маңызды көрсеткіші болып табылады. Кілтті сөздер: рухани құндылықтар, адамгершілік, құндылық, адамгершілік құндылықтар, маман, болашақ маман, көрсеткіш.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/vggl3726
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0