Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2023, № 4,2023, с. 126-135
КЕЙІПКЕРЛЕР МЕН ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ АРХЕТИП
Аннотация · Abstract
Мақалада қазақ әдебиетіндегі және әлем әдебиетіндегі архетип кейіпкерлердің пайда болуы, өзгеруі сөз болады. Кейіпкерлердің өзгеруі мен басқа сипатқа ие болуы архетипке байланысты. «Архетип» терминін 20 ғасырда психолог Карл Густав Юнг енгізген. Әдеби архетип салыстырмалы құбылыс: сюжеттің дамуына қарай кейіпкер бейнесі айтарлықтай өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Бұған мысал ретінде Лев Толстойдың Наташа Ростовасын келтіре аламыз. Көркем әдебиеттегі кейіпкерлердің мынадай архетиптері бар: Нағыз ер қаһарман, азған кейіпкер, дос мінезді кейіпкер, бүлікшіл әрі айлакер кейіпкер, жоғалған жан, шытырман оқиғаларды іздеуші, шындық іздеуші кейіпкер. Шығармалардағы әйел кейіпкерлердің бірнеше архетиптері бар: тәкаппар әрі іскер, өз пікірінде қатал және айналасындағылардан мойынсұнуды талап етуші, сенгіш, батыл, азғырушы. Кейіпкерлер секілді әңгіме архетипі де белгілі бір заңдылыққа бағынады. Көркем шығармаларда әр уақытта пайда болатын белгілі бір сюжеттік архетиптер бар. «Том Сойердің шытырман оқиғалары» шығармасындағы архетиптік сюжет баланың өсуін, түрлі қиындықтарды танып-білуін көрсетеді. «Кек» сюжеттік архетипін қолданудың мысалы ретінде Александр Дюманың «Граф Монте-Кристо» кітабын алуға болады. Басты кейіпкердің басты мақсаты – әділеттілікті қалпына келтіру. «Саяхат» архетиптік сюжетіне Джон Толкиеннің шығармаларын, атап айтқанда, оның «Сақиналардың әміршісі» кітабын келтіруге болады. Бұл кітапқа көптеген оқырмандардың қызығушылық танытқаны белгілі. Бірнеше архетиптерді қолдану автордың ниетін толық ашуға көмектеседі. Оның жарқын мысалы – Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романы. Мұнда біз бірден бірнеше архетиптердің тоғысқанын көреміз: «махаббат», «құрбандық», «жетілгендік», «қарсылық», трансформация.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/vfdz8351
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0