Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series, 2022, № 4.2022, с. 121-127
"АРАЛАС ОҚЫТУ – ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІНІҢ БІРІ "
Аннотация · Abstract
"Аралас оқыту – бұл оқытушының қатысуымен оқытуды (бетпе-бет) онлайн оқытумен біріктіретін және білім алушының оқу жолын, уақытын, орнын және қарқынын өзін-өзі бақылау элементтерін, сондай-ақ оқу тәжірибесін оқытушымен және желіде біріктіруді қамтитын білім беру тәсілі. Аралас оқытуды жүзеге асыру үшін оқытуды басқарудың арнайы ақпараттық жүйелері қажет. Ол үшін оқытушыға онлайн оқытуды жүзеге асыруға көмектесетін қызметтер бар. Аралас оқыту оқуға деген ынтаны арттыруға мүмкіндік береді. Яғни, білім алушыларда жаңа білім беру мүмкіндіктері пайда болады. Білім алушылар өз уақытын оқу тапсырмаларын орындауда және оқу материалын игеруде, өз бетінше де, оқытушының басшылығымен де жұмыс жасағанда дұрыс пайдалану керек. Оқытушы тапсырма беру, қажетті құралдарды ұсыну және оны орындау кезінде көмек көрсету арқылы оқу қызметін ұйымдастырады. Білім алушылар жаңа ақпаратты іздеуді үйренеді және одан әрі күрделі мәселелерді шешу үшін пайдалы нәрсені табады. Бұл мақалада аралас оқытуға, яғни қашықтан оқыту мен қолданыстағы күндізгі оқытуға түсінік беріліп, оларға негізделген модельдердің түрлері мен артықшылықтары қарастырылған. Сонымен қатар аралас оқытудың қағидалары мен қашықтан оқыту жүйелері сипатталған. Кілтті сөздер: аралас оқыту, қашықтан оқыту, дәстүрлі оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технология, модель. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/vesq4049
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0