Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2024, № 4.2024, с. 173-188

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ТУРИСТІК ДЕСТИНАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ

А. Қ. Есім, Р. Шохан, А. Девадзе, Д. Есимова

Аннотация · Abstract

Туризм – экономикадағы қарқынды дамып келе жатқан сала. Ол әлемдік экономиканың басты салаларының бірі, әрі оның өсу әлеуеті мен даму перспективалары жоғары. Қазақстанның туристік бағыттары әлемдік туризм нарығында әлі кеңінен танылмағанымен, бірегей табиғи ресурстар мен мәдени-тарихи мұра объектілеріне ие бола отырып, ел әлемдік туризмде лайықты орын алуға үлкен әлеуетке ие. Мақала Павлодар облысындағы туристік дестинацияның дамуын, оның ішінде Қазақстанның маңызды туристік орталықтарының бірі – Баянауыл ұлттық табиғи паркінің (БҰТП) әлеуетін зерттеуге арналған. Жұмыста аймақтың қазіргі туристік саласы жағдайы талданып, ішкі және келуші туризмнің өсу динамикасы, инфрақұрылым жағдайы, сондай-ақ тұрақты дамуға арналған ағымдағы сын-қатерлер мен перспективалар қарастырылады. Автор аймақтың тартымдылығына әсер ететін негізгі аспектілерді, атап айтқанда, табиғи және мәдени ресурстарды, көлік және қонақүй инфрақұрылымының жағдайын атап көрсетеді. Сондай-ақ, мақалада ауданның туристік саласының күшті және әлсіз жақтарын бағалауға мүмкіндік беретін SWOT-талдауы берілген. Мақалада аймақтың ұлттық және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін инфрақұрылымды жақсарту, қызметтерді жаңарту, ақпараттық қолдауды күшейту және цифрландырудың маңыздылығы атап өтілген. Кілтті сөздер: туризм, туристік бағыттар, аймақ, ұлттық парк, аумақ, интернет.

Сведения · Details