Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2025, № 3,2025, с. 368-379

РЕТТЕЛЕТІН ҚИЫЛЫСТА АДАПТИВТІ БАСҚАРУ МАКЕТІ

Н. С. Сауханов, М. Б. Имагамбетов, Г. М. Ордабаева, Б. У. Жаманбаев, Н. М. Мырзабеков

Аннотация · Abstract

Мақалада қаланың көше-жол торабында орын алатын көлік ағынының өзгерісіне байланысты реттелетін қиылыстарда бағдаршамның белгі беру өзгерісін талдау әдістемесі қарастырылады. Көше-жол торабының әртүрлі қиылыстарындағы тәуліктің қарбалас уақыттарында өзгеріп отыратын көлік ағынының қарқындылығы ескерілмеген жағдайда, бағдаршам белгілерінің локалды жұмысы салдарынан қиылыстарда көлік іркілістері, ауаның ластануы арта түседі. Көліктер кептелісінің пайда болуы жол торабының өткізу қабілетінің төмендеуін, көліктердің тоқтап қалуының және жол көлік оқиғалары санының көбеюін тудырады. Осы мақсатта мақалада Ақтөбе қаласының көлік қарқындылығы жоғары, қиылысқа кездейсоқ келетін көлік ағынының бағдаршам белгі беру ерекшелігіне байланысты, бірінші уақытта бас жол саналатын Ә. Молдағұлова даңғылында Arduino микроконтроллерінде бағдарлама құрастыру макеті қарастырылды. Қарбалас уақыттарда көлік детекторынан түсетін көлік ағынының қарқындылығы туралы ақпараттар бойынша бағдаршам белгілеріне берілетін адаптивті басқару арқылы бағдаршам белгілерінің жұмысы, ақпараттар беру, қиылыстың өткізу қабілеті мүмкіндігін арттыруға, қиылыс алдындағы шират пен соның әсерінен туындайтын экологиялық жағдайларды азайтуға болады. Сонымен қатар, көлік детекторынан түсетін ақпараттарға бағдаршам контроллері икемді болуы керек, себебі, тәуліктегі қарбалас және басқа уақыттарда көлік ағынының қарқындылығы бірдей емес. Кілтті сөздер: көлік ағындары, бағдаршам белгілері, Arduino, қатысу детекторлары, үзілісті іздестіру, қиылыс макеті.

Сведения · Details