Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2021, № 1.2021, с. 80-86
ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖЕЛІЛЕР ҮШІН М2М ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Аннотация · Abstract
Қазіргі уақытта кең таралған сымсыз технологиялар көмегімен көптеген құрылғылар жұмыс істейді. Адам қызметінің кез-келген саласы сияқты, M2M технологиялары да белгілі бір үрдістер шеңберінде дамиды. Кейде оларға ғана тән кейбір ерекшеліктерді бөліп алуға болатындығына қарамастан, көптеген жағдайларда бұл технологиялардың дамуы барлық қазіргі цифрлық технологиялардың жалпы даму бағыттарына сәйкес келеді. Жаңа жүйелер адамның іс-әрекетіне барынша аз тәуелді болатындай етіп әзірленуде. Инженерлік тұрғыдан алғанда, барлық байланыс құралдары-бұл машиналар. Бұл мақалада М2М технологиясының жалпы түсінігі берілген, бұл жүйе неден тұрады және қайда қолданылады, осы жүйенің артықшылықтары мен кемшіліктерін белгілеу, сондай-ақ оның одан әрі дамуын анықтау. М2М технологиясын зерттеу мақсатында телекоммуникациялық компаниялар құжаттарына зерттеу жұмыстары жасалды және технологиялық кітаптарға шолу жүргізілген. Көптеген процестерде адамның әсерін болдырмау үшін M2M жүйелері машинадан-машинаның өзара әрекеттесу жүйесін кеңінен қолданады. M2M арқасында машиналар басқа құрылғылар туралы мәліметтерді жинап қана қоймай, кейбір жағдайларда алынған ақпарат негізінде белгілі бір әрекеттерді орындай алады. M2M жүйелері оларды дамыту жолында кездесетін маңызды міндеттер - енгізу және пайдалануға қатысатын қызметкерлерді оқыту мәселелері.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/vccd4046
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Energetics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0