Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2024, № 4.2024, с. 334-348

АВТОСЕРВИСТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫН МОДЕЛЬДЕУ

А. Ж. Мурзагалиев, А. К. Каукаров, М. К. Куанышев, Н. С. Сауханов, Б. У. Жаманбаев

Аннотация · Abstract

Көлік кәсіпорындарының өндірістік қызметінде әлеуметтік – экономикалық жағдайға, өндірістік сипаттағы объективті себептер кешеніне, тиісті материалдық – техникалық базалардың болуына, оларды тиімді пайдалануға және кәсіпорындардың сапалы менеджментіне байланысты олардың экономикалық және еңбек шығындарын оңтайландыру мәселелері маңызды орын алады. Бұл жұмыста қазіргі жағдайда автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станцияларының (ТҚКС) жұмыс бағдарламасын (тапсырыс портфолиосын) қалыптастыру ерекшеліктері келтірілген және олардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге баса назар аударылған. Жұмысты жазудың негізгі әдісі - математикалық модельдеу, математикалық және статистикалық талдау әдістері және басқалар. Жұмыста ТҚКС өндірістік бағдарламасы кездейсоқ тәртіппен кәсіпорынға түсетін істен шығулар мен ақаулардың қосындысы ретінде ұсынылған. Эксперименттік зерттеулердің нәтижелері ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың ережелері негізінде өңделген, жылдық бағдарламаның математикалық модельдері және оны берілген уақыт аралығында бөлу ықтималдығы алынған. ТҚКС құрылымдарының біркелкі жүктелуін қамтамасыз ету арқылы өндірістік бағдарламаны оңтайландыру бойынша іс-шаралар ұсынылған. Сондай-ақ, белгілі бір нәтижелерге негізделген теориялық әдістер бар. Бұл зерттеуде автокөлік мекемелерін жобалау саласындағы эксперименттік-теориялық зерттеулер келтірілген және кәсіпорынға келетін көлік санын топтастыру негізінде жылдық бағдарламаны есептеу әдісі негізделген. Кілтті сөздер: автокөліктендіру; автокөлік құралдары, техникалық қызмет станциясы, Пуассон заңы, кездейсоқ процестер, регрессия теңдеулері.

Сведения · Details