Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2020, № 3.2020, с. 240-250
ХАКІМ АБАЙ ҒАҚЛИЯСЫ ХАҚЫНДА
Аннотация · Abstract
"Абайдың «Қара сөздері» – терең пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, философиялық және психологиялық ойларға толы, тіршілік түйткілдерін дәл болжай білген құнды мұра. Абай қара сөздерінің басты тақырыбы – адам, жеке тұлға, ал басты мақсаты – адам тәрбиесі, оның өмірдегі адамгершілік қасиетінің қызмет жасау кеңістігі. Адам болғанда да, адамдар үшін еңбек ететін, жан-жақты жетілген адам. Абайша айтқанда, «толық адам». Ол «нағыз адам», «толық адам» қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі өзінің қара сөздерінде соған жауап береді. Ол адамды жан-жақты қарастырып, мінезін, өзін-өзі тануын, адамды жат қылықтардан аулақ болуға шақырып, жоғары сезімдерге: махаббат пен парыз, борыш сезімдеріне тәрбиелейді. біздің рухани мәдениетімізді жетілдіруге, әрбір адамның бақытты болуға ұмтылу қозғалысы болуы тиіс. Ал рухани мәдениетімізді тек әдебиет ғана жетілдіре алады. Осы тұрғыдан сөз өнері – әдебиет рухани құндылықтардың негізін қалаушы бола алады және қазақ үшін рухани құндылықтардың символы – Ұлы хакім Абай болмақ. Мақалада Абай қара сөздерінің жазылу тарихы мен мазмұны, мақсаты, көлемі, жазылу стиліне хронологиялық және көркемдік талдау жасалынады. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/uzxy5841
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0