Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 1.2025, с. 168-179

КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ ТАНАТОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

А. Қ. Қайырбекова, К. А. Толеубаева, С. У. Такиров

Аннотация · Abstract

Әлемдік әдебиеттану ғылымында «көркем танатология» мәселесі жан-жақты қарастырылып келеді, алайда философия, психология сияқты салалардың объектісі ретінде қаралғаны болмаса, қазақ әдебиеттану ғылымында бұл тақырыпқа жазылған зерттеу еңбектері жоқтың қасы. Қазіргі таңа көркем шығармадағы «танатологияны», «танатологиялық мотивтерді», «образдарды» айқындап, жүйелі түрде талдау – әдебиеттанудың негізгі мәселелерінің бірі. Сондықтан мақалада танатологияның гуманитарлық ғылымдардағы орны, әлемдік әдебиеттану ғылымындағы зерттелуі, психология, философия ғылымдарымен салыстыруы арқылы көркем әдебиетте, шығармада қолдану жолдары мен образға айналу үдерісі талданады. Бұл тұрғыда ХХ ғасырдың екінші ширегіндегі танатологияны «өлім туралы ғылым» ретінде қарастырған ғылыми еңбектерден (З. Фрейд, К. Юнг, Ж. Батай, Ф. Арьес), сондай-ақ көркем әдебиет бағытында зерттеле бастаған кезеңдеріне (Ф. Хофман, М. Бахтин, Р. Барт) шолу жасай отырып, оның нақты бір автордың мәтін жүйесіндегі интерпретациялық элементіне айналу үдерісі айқындалады. Соның негізінде көркем мәтінді талдауда жаңа ізденістерге жол ашылады. Авторлардың шығармашылық шеберханасына терең бойлап, түпкі идеяны талдауға баса назар аударылады. Сонымен қатар, бұл мақалада сюрреализм, экзистенциализм сияқты түсініктердің танатологиялық мотивтерге байланыстылығы көркемдік тұрғыдан дәйектеледі, қазіргі қазақ жазушыларының шығармалары жан-жақты талданып, қарастырылады. Кілтті сөздер: өмір, өлім, танатология, танатологиялық сарын, әдебиеттану, автор, экзистенциализм, концепт, интертекст.

Сведения · Details