Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2023, № 4,2023, с. 294-306
М. Ж. Көпейұлы идеяларының публицистикалық мәнмәтіндегі көрінісі («Дала уалаяты газеті» материалы негізінде)
Аннотация · Abstract
Мақалада ақын, ойшыл, тарихшы-этнограф, шығыстанушы М. Ж. Көпеевтің қазақ тілінің қоғамдық маңызы мен қызметі туралы ғылымаралық тұжырымдары қарастырылады. Авторлардың пайымдауынша, Мәшһүр Жүсіп тіл білімінің әр алуан саласы туралы мол хабардар болып, оны пәнаралық сипатта жан-жақты пайымдай білген. Ол тіл білімінің грамматикалық құрылысына, тіл мәдениетіне, тілдің тарихына, оның әлеуметтік қырларына, сонымен қатар басқа да ғылым салаларымен байланысына қатысты мәселелерге назар аударып отырған. Өкініштісі сол, осыншама лингвистикалық мұра әлі күнге дейін нақты, әрі толық зерделенбей, түрлі сала зарттеушілерінің, оның ішінде лингвистердің, қаперіне ілінбей келеді. Осыған байланысты мақала авторлары оның лингвистика мен жаратылыстану ғылымының арақатынасы туралы дәлелді көзқарастарын зерттеушілерге ойтүрткі болуы керек деп санайды. Мақалада сондай-ақ «Дала уалаяты газетінде» жарияланған Мәшһүр Жүсіп жазбаларын түгендеу, шығармаларын кезеңдеп ретке келтіру және жүйелеу міндеті де қойылады. Себебі 2010 жылы шыққан тұлғалық энциклопедия мен 2013 жылы жарық көрген 20 томдық шығармалар жинағы Мәшһүр Жүсіптің «Дала уалаяты» газетіндегі мақалаларын толық қамтымаған. Соның бірі ретінде мақала авторлары М. Ж.Көпейұлының қазақ тіліне қатысты жаңа мақаласын тапқандарын, онда көтерілген мәселелердің қазір де зор мәнге ие екендігін айтады. «Дала уалаяты газетінде» жарық көрген «К вопросу о тюркских наречиях» атты бұл мақаланы сол тұста қазақ тіліне өзге тілдерден сөз алу қауіптілігіне тойтарыс берген құнды еңбек деп қарастыру керек дейді. Мақала Мәшһүр Жүсіптің басты бағыт, негізгі ойы қазақ халқының тіл мәдениетіне өте жауапкершілікпен қарағандығы туралы идеясын алдыңғы қатарға шығарады. Сондай-ақ, қазақ тілін басқа тілдермен салыстырғанда мәдениет, өнер санатындағы құбылыс сияқты бағалау қажеттігін тұжырымдайды.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/uwys4150
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0