Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series, 2025, № 4.2025, с. 155-171
ТӨМЕН ЭНЕРГИЯЛАР АЙМАҒЫНДАҒЫ (α,n) ҚИМАЛАРЫН ӨЛШЕУ
Аннотация · Abstract
Бұл жұмыста ELI-NP (Extreme Light Infrastructure – Nuclear Physics) кешенінде орналасқан ELIGANT-TN детекторлық жүйесін пайдалану арқылы төмен энергиялар аймағындағы (α,n) типті ядролық реакциялардың қималарын өлшеуге арналған эксперименттік зерттеулердің нәтижелері баяндалады. Жүйе полиэтилен модераторы және ³He газымен толтырылған 28 дана санауыштан тұрады. Құрылғы ядролық астрофизика, радиациялық қауіпсіздік, медицина және өнеркәсіп салаларындағы қолданбалы мақсаттар үшін нейтрон шығымдарын дәл анықтауға арналған. Қондырғының тиімділігі MCNP және Geant4 кодтары арқылы модельденіп, ²⁵²Cf және PuBe нейтрон көздерімен алынған нақты өлшеу нәтижелерімен салыстырылды. Модельдеу мен эксперимент арасындағы жақсы сәйкестік жүйенің сенімділігін растады. Жүйе мүмкіндіктері ¹³C(α,n) және ¹⁹F(α,n) реакциялары үшін жүргізілген сынақтық тәжірибелермен бағаланды. ¹³C(α,n) реакциясы нәтижелері бұрынғы әдеби деректермен жоғары сәйкестік көрсетіп, резонанстық құрылымдардың нақты анықталғанын көрсетті. Ал ¹⁹F(α,n) реакциясы бойынша алынған қималар теориялық JENDL деректерімен салыстырылып, жоғары энергиялар аймағында сәйкестік байқалды. Бұл нәтижелер ELIGANT-TN жүйесінің жоғары дәлдікті, сенімді эксперименттік құрал екенін және оны ядролық физикадағы болашақ зерттеулерде кеңінен қолдануға болатынын дәлелдейді. Сонымен қатар, «сақина-қатынас» әдісі көмегімен нейтрон энергиясын бағалау мүмкіндігі жүйенің артықшылықтарының бірі ретінде танылды. Кілтті сөздер: альфа-нейтрон реакциялары, резонанстық реакциялар, нейтрон санағыштары, нейтрон шығымы, Монте-Карло модельдеу
Сведения · Details
- DOI 10.48081/uwfv8837
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0