Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 1.2025, с. 141-154

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВИРТУАЛДЫ КЕҢІСТІКТЕГІ МИФОЛОГЕМАЛАРДЫҢ НОМИНАТИВТЕРІ

А. Ш. Кабжанова, Қ. С. Ерғалиев, М. А. Уайханова, Б. Ж. Сарыбаева, С. Ж. Ерғалиева

Аннотация · Abstract

Интернет дамуымен бірге қоғамда жаңа қарым-қатынас түрлері пайда болып, өмір салаларын едәуір өзгерткені айқын. Зерттеудің басты мақсаты – интернет-түсіндірмелердегі ұлттық ерекшеліктерді көрсететін мифологемаларды анықтау, олардың номинативтік сипаттамаларын талдау. Мифологемаларды ұлттық дүниетанымдық құндылықтар тұрғысынан лингвомәдени және лингвоаксиологиялық контексте зерттеу күнделікті виртуалды дискурс материалы негізінде жүргізіледі. Мұнда виртуалды тілдік тұлға мен мәтіннің аксиологиялық құрамдас бөлігі арасындағы өзара әрекетке ерекше көңіл бөлінеді. Ол тілдік құралдар арқылы көрініс табатын ұлттық дүниетанымның элементі есебіндегі сөздер – мифологемаларды зерделеу арқылы жүзеге асырылады. Интернет-түсіндірмелердегі мифологемаларды қарастыруда тілдік деректерді жинақтау және контекстуалды талдау әдістері, салыстырмалы-салғастырмалы және сипаттамалы әдістер, сандық есептеу әдісі қолданылды. Сонымен қатар мәтіндердегі лингвомәдени және лингвоаксиологиялық талдау әдістерінің элементтері де пайдаланылды. Зерттеу нәтижелерінен байқағандай, интернет-түсіндірмелерде анықталған мифологемалар құндылық маркерлерін көрсетіп, антропонимдер, теонимдер, мифонимдер, геополитонимдер, мифопатонимдер, топонимдер және информонимдер сынды номинативтік типтерді белгілеуге мүмкіндік тудырды. Бұл параметрлер қазақ лингвомәдениетінің құндылық негізін танытады және дүниетаным мен фондық білімді бейнелеп қана қоймай, ұлттың тарихы, әдебиеті мен мәдени өмірі туралы ақпарат береді.

Сведения · Details