Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 3.2021, с. 265-275

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМЫН ӨРКЕНДЕТУДІҢ ТАҒЫЛЫМЫ

Ж. Н. Молдабеков, Енгилика Жуматаева

Аннотация · Abstract

"Мақалада тұжырымдамалық өріспен және метаметодикалық тұрғыда қарастырылып, шетел және ресей, отандық зерттеушілердің даналық және білім философиясы мен педагогика, психология, мәдени-этикалық, эстетикалық еңбектерді талдап, оның әдіснамалық парадигмасының негіздері сараланды. Әдіснамалық негіздің құралы ретінде табиғи болмысқа қажетті эстетикалық талғамның тағылымдары жинақталып, трансформацияланды. Салыстырмалы-тарихи әдіспен, ретроқағида тұрғысында ой-пікірлердің түзілімдері құрылды. Жалпылықтан жалқылыққа жіктеліп, матрицалар құрылды, логикалық, абстракциялық, құбылыстарды суггестивтік әдіспен қабылдаудың түрлері ұсынылды. Эстетикалық талғамның тағылымын айқындап, оны феноменді логикалық, герменевтикалық, жүйелілік, ғылымилық қағидалары қолданылып, контексті тұрғыдан парадигмаға түсірілді. Тағылымды тұтастықта алу, оның модернизация кеңістігіндегі алатын орны, ізгілендірудің эстетикалық талғамға оңтайлы ықпалы талданды, сараланды, тағылымының тұлғалық болмыс, оның қызметі, сананың оңтайлы жақта болу заңдылықтары жүйеленді. Тағылымның әдіснамалық бағамы жинақталып, дәстүрдегі және альтернативті түрлерінің іргелі білім парадигмасының ерекшеліктері бағамдалды. «Жеке мүмкіндік» яғни стохастикалық парадигманың ойша бейнелеу қабілетін өркендетудің аксиологиялық деңгейі анықталды. Қазіргі білім беру мәселесінде сирек кездесетін аксиология мен эмпирикалық және стохастикалық парадигмалардың эстетикалық талғамды өркендету траекториясына ықпалының мәні ашылды. "

Сведения · Details