Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Humanities series, 2025, № 1.2025, с. 43-53

ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ДІНИ БІРЕГЕЙЛІКТІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ)

М. М. Манасова, Г. Г. *Ахметова

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада қазіргі қоғамдағы діни бірегейліктің қалыптасу ерекшеліктері философиялық тұрғыда жан-жақты талданады. Зерттеу барысында жаһандану, ақпараттық технологиялар, саяси және мәдени үдерістердің діни сәйкестікке тигізген әсері кеңінен қарастырылды. Әлемдік үрдістердің ықпалымен дәстүрлі діни ұстанымдардың өзгеріске ұшырауы мен жаңа діни формалардың пайда болуы діни бірегейліктің тұрақтылығына әсер еткені көрсетілді. Діни бірегейліктің дағдарысына алып келген негізгі факторлар ретінде секуляризация, радикализация және діни плюрализм құбылыстары анықталып, олардың қоғамдағы көріністері сипатталды. Сонымен қатар, мақалада тұлғаның өзіндік санасы мен діни сананың өзара байланысы, адамның рухани болмысындағы діни бірегейліктің маңызы терең ашып көрсетілді. Қазіргі заман талабына сай діни бірегейлікті сақтау мен дамыту үшін діни білім беруді жетілдіру, діни сананы төзімділік, өзара түсіністік пен диалог негізінде қалыптастыру қажеттігі негізделді. Бірегейлік арқылы адам өзіне тән құндылықтар жүйесін құрып, қоғамдық кеңістікте өзіндік орнын белгілейді. Ал діни бірегейлік – тұлғаның өзін белгілі бір діни қауымдастықпен сәйкестендіру процесі ретінде қарастырылады. Мақала философиялық талдау әдістеріне сүйене отырып, философиялық талдау, салыстырмалы-талдамалық әдіс, тарихи-логикалық әдіс және мазмұндық талдау әдістерін қолдана отырып, діни бірегейліктің қазіргі жағдайы мен болашағына қатысты маңызды тұжырымдар ұсынады. Кілтті сөздер: Діни бірегейлік, жаһандану, секуляризация, радикализация, діни сана, мәдени плюрализм, философиялық талдау, рухани даму, тұлғалық өзіндік сана, заманауи қоғам.

Сведения · Details