Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 2,2025, с. 331-342
"АДАМ МЕН ТАБИҒАТ БАЙЛАНЫСЫ: СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ "
Аннотация · Abstract
"Мақалада адам мен табиғат байланысы қарастырылған. ХХІ ғасырдағы жалпыадамзаттық құндылықтардың бірі – көркем прозадағы экологиялық мәселелер. Мақалада контент-талдау, интертекстуалдық талдау, интерпретациялық талдау әдістері қолданылып, экологиялық мәселелердің ұлттық деңгейдегі маңызы қазақ және жапон әдебиеті үлгісінде анықталған. Экологиялық мәселелердің берілуі – қазақ прозасындағы көркемдік интерпретацияның нәтижесі. Қазақ прозасында «ұлт трагедиясы» ретінде танылатын «Семей сынақ полигоны» тақырыбын қарастыру екі кезеңде жүзеге асырылды. Нәтижесінде екі кезеңдегі көркемдік, эстетикалық талаптар, символдық мән айқындалды. Көркем шығармада экологиялық апаттардың сомдалуы бүгінгі әлем әдебиетіндегі тенденциямен байланысты. Ұлттық әдеби үдерісте «Семей сынақ алаңын» «ұлт трагедиясы» ретінде танылуы қазақ прозасындағы экологиялық мәселелердің берілу ерекшелігін зерттеуді қажет етеді. Осыған сәйкес зерттеуімізде қазақ прозасындағы экологиялық мәселелердің тақырыптық арнасы, идеялық ерекшеліктері анықталған. «Семей сынақ алаңы» көркем шығармада сомдалуы «экосын» термині аясында қарастырылды. Әдебиеттегі экологиялық апаттардың сомдалуын зерттейтін жаңа сала бүгінгі күні қарқынды дамуда. Қазақ және жапон әдебиетін салыстыру экологиялық мәселелердің бүкіл әлемдік маңызға ие екенін көрсетеді. Адам мен табиғат байланысын талдауда экологиялық апаттардың зардабы ұлттық, бүкіл әлемдік деңгейде қарастырылады. Кілтті сөздер: экосын, экологиялық мәселелер, көркемдік интерпретация, жалпыадамзаттық құндылық, атомдық бомба әдебиеті. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/unfq9326
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0