Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2020, № 4.2020, с. 302-312

С. Жүнісов тілдік тұлғасының когнитивтік деңгейі

Оралсын Қалиқайдарқызы Рақымжан, Бердібай Шалабай

Аннотация · Abstract

"Мақалада дарынды жазушы С. Жүнісовтың шығармашылығы концептосфера аспектісінде қарастырылып отыр. Концептосфера – концептілердің біртұтастығы болса, концепт – когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі болып табылады. Осы орайда, жаңа қоғамның, жаңа мемлекеттің қалыптасуында С. Жүнісовтей дарынды қаламгердің шығармашылығындағы концептілерді жинақтай отырып, олардың берілу жолын анықтау басты мақсат етіледі. Қазіргі тіл білімінде концептіні талдау барысында әртүрлі әдістердің қолданылуы жалпыға танылған, көпшілік мақұлдаған әмбебап модельдің жоқтығын дәлелдей түседі. Белгілі бір жеке зерттеу үшін өзекті болып табылатын бірнеше өзара бір-бірін толықтыратын әдістерді кешенді түрде қолдану автордың тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік деңгейін ашуға, яғни концептілер жүйесін қарастыру оның танымдық қырын тануға мүмкіндік береді. Сол себепті, С. Жүнісовтың дискурсында көрініс тапқан концептілерге талдау жасалынады. С. Жүнісовтың қазақ ұлтының тілдік құрамындағы лексиканы қолдануы оның шығармаларындағы концептілік өрісіндегі ұлттық-мәдени концептілерден көрінеді. Жазушы шығармаларында прагматикалық мақсаттарды, яғни атап айтсақ, өзінің сол кезеңдегі және болашақ адресаттарына қазақ ұлтының салт-дәстүрі, тарихы, болмысы туралы ақпарат беріп, ұлтжандылыққа, ұлтын, туған жерін, ана тілін сүюге, өз ұлтының ұлы болуға тәрбиелеп, ұлттық мұраны сақтауға, қорғауға, молайтуға ықпал етуді көздейді. "

Сведения · Details