Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2025, № 3, 2025, с. 289-310

ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДІҢ КОРПУСТЫҚ ӘДІСІ

С. К. Омарова, Ж. М. Искакова, А. А. Орманова, Б. Ж. Абильмажинова, Ж. Қ. Ербатырова

Аннотация · Abstract

Мақалада «Қазақ тілі ұлттық корпусының бес кіші корпусы» (https://best.qazcorpora.kz/) базасындағы дерекқорларды қазақ тілін үйретуде пайдалану жолдары қазіргі цифрландыру заманының негізгі талаптары ретінде қарастырылады. Корпустың бай тілдік ресурсын қазақ тілін үйретуде пайдаланудың өзектілігі сипатталады. Әртүрлі типтегі және стильдегі мәтіндер дерекқорларын пайдалану негізінде тілді үйренуге және үйретуге мүмкіндік беретін лингводидактикалық әдіс түрлерінің бірі – корпустық әдістің функционалдық, дидактикалық артықшылықтары талданады. Мақалада бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі БАҚ) тілінің материалдары, публицистикалық мәтіндерді корпустық әдістер негізінде қалай оқытуға болады деген мәселе ашылады. Корпустық әдістің газет тіліндегі сөз, сөз тіркесі мен сөйлемдерді, мәтінді меңгертудегі тиімділігі және белгілі бір сөздің түрлі тіркесімдік контексін көрсетіп беретін, негізгі, кілт сөздердің тематикалық тізімін жасап үйретудегі ерекшелігі дәлелденеді. Сонымен қатар корпустық әдістің коллокацияны үйретудегі тиімділігі мен мүмкіндіктері ұсынылады. Цифрланған мәтіндерді дидактикалық мақсаттарда тиімді пайдалану жолдары, аутентикалық материалдардың тіл үйренушіге беретін жанама лингвомәдени ықпалы зерделенеді. Қазақ тіліндегі контексті оқу барысында тіл үйренушілердің лингвистикалық және мәдени түсініктерінің жақсаруы, қазақша ойлау дүниетанымының кеңеюі, коммуникативтік біліктері мен корпустық құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесі сипатталады. Қазақ тілін үйрету сабақтарында корпустық әдістерді тиімді қолдана алу бірталай әдістемелік мәселелерді шешудің бірден-бір ұтымды жағы ретінде қарастырылады. Кілтті сөздер: корпустық әдіс, лингводидактика, сөз, коллокация, мәтін

Сведения · Details