Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 4.2021, с. 233-243
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аннотация · Abstract
"Бұл мақалада пандемия кезінде инкюзивті білім беру жағдайындағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға информатика пәнін қашықтан оқытуда орын алған проблемалар, педагогтардың дайындығы мен туындаған мәселелері қарастырылды. Жүргізілген зерттеу нәтижесінің негізінде инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға информатика пәнін қашықтан оқытуды жүзеге асырудағы ұсыныстар айтылған. Бүгінде білім берудегі инклюзияның тиімділігі көп жағдайда педагог кадрларды арнайы даярлауға байланысты. Демек, кадрлардың кәсіби даярлығы бүгінгі күні ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуды дамытудың негізгі проблемасы болып тұр. Сондай-ақ, инклюзивті білім беруде информатика пәні үлкен рөл атқарады. Материалдық, техникалық, электронды ресурсты бірден бір қажет ететін бірден-бір пән – Информатика болғандықтан, қашықтан оқыту барысында ең алдымен аталған оқушылардың материал-техникалық қамтамасыз етілуі, арнайы платформалардың, оқыту материалдарының қажет екендігі байқалады. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/ukeh5723
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0