Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2021, № 4.2021, с. 6-15

"CHALLENGE ТӘСІЛІН АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ"

М. М. Акешова, Б. Ғ. Абжекенова

Аннотация · Abstract

"Мақалада ағылшын тілін оқытуда қолданатын тиімді әдістерге әдеби шолу жасалынды. Қазіргі таңда ағылшын тілі әлемдік деңгейдегі мүмкіндіктерге жол ашатын негізгі инструмент болып табылады. Мақала мақсаты заман талабына сай заманауи әдістердің ерекшеліктерімен тиімділігін зерттеу. Білім алушыларға оқыту барысында когнитивті процестердің дамуына сай тиімді әдістерді анықтау. Challenge тәсілі тәуелсіз шешім қабылдау дағдыларын дамыту, тіл үйрену барысында топтық немесе индивидуалды жұмыс барысында әртүрлі коммуникативті дағдыларды қалыптастыру. Challenge тәсілін ағылшын тілін оқытуа қолданудың тиімділігі сипатталады. Challenge тәсілін қолдана отырып оқыту барысындағы білім алушыларға қиындық туғызатын тақырыптарды анықтай отырып, мәселенің шешімін тауып, оны жүзеге асыруға дағдыланады. Мәселе анықталғаннан кейін білім алушылар сұрақтарын тұжырымдайды, олардың жауаптары оларды мәселені шешуге жақындатады.Білім алушылар анықтаған бағыттаушы сұрақтар проблеманы шешу үшін қандай білім қажет екенін анықтауға және білімді картаға түсіруге көмектеседі. Студенттер мәселені шешу үшін қандай сабақтар, дәрістер, ресурстар қажет болатынын анықтайды. Бұл тәсіл арқылы ағылшын тілін тиімді оқытудың қарастырылады. Білім алуышылар тілі меңгеру барысында жетік және интенсивті оқытуды басты назарға алса, тіл үйреуді әлеуметтік, коммуникативті дағдыларға сай меңгереді. "

Сведения · Details