Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2022, № 2.2022, с. 98-107
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДАҒЫ КӨШБАСШЫЛЫҚТЫҢ РӨЛІ
Аннотация · Abstract
Мақалада қазақ әдебиетін оқытуда көшбасшылықтың тиімді нәтижесіне жетудің теориялық және көп деңгейлік зерттеулеріне негізделген ақпараттар беріледі. Білім беруде оқытушының өзіне және білім алушыға әсер ететін көшбасшылық бағдарлар жұмыс тиімділігін арттыру мен шабыттандыруға, білім сапасын нығайтуға көмектеседі. Бұл зерттеу әдістері мен тәсілдері арқылы оқытуда жоғары оқу орнындағы көшбасшылық туралы білімді толықтырады. Қазақ әдебиетін оқытуда трансформацияланған көшбасшылық әдеби-құрылымдық контексте тереңірек түсінік алуға шақырады. Білім алушылардың психологиясына, үлгерім сапасына, позитивті қарым-қатынас жасауға, көркем әдебиетті оқуға, талдауға, ізденуге, тұлға қалыптастыруға көмектеседі. Көшбасшы оқытушыларға өз жұмысына нақты мақсат қоюға, адалдыққа, мотивация жасауға маңызды оң үлес қосады. Мақалада тақырыптың өзектілігі қазақ әдебиетін оқыту арқылы көшбасшылықтың дамуы, маңызы сипатталады. Соған сәйкес қазақ әдебиетін оқыту мәселесіне, жан-жақты дамытуға әдістеме арқылы зерттеу жүргізіледі. Зерттеу барысында сипаттау, сараптау, талдау, салыстыру әдістері қолданылады. Көшбасшылықты қазақ әдебиетін оқыту арқылы білім беру қызметін талдау негізінде анықтап көрсетеді. Білім беру саласындағы көшбасшылық тек басқарумен ғана сипатталмайтынын нақтылайды, тереңдеп зерттеуге тырысады. Қазіргі заманғы әдебиет саласындағы көшбасшылықтың негізгі мақсаты – адамды дамытуға, жеке тұлғаны дамытуға күш салатындығы сараланады.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/uimy9931
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0