Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 4, 2025, с. 123-137

«ҚАЗАҚСТАН» КОНЦЕПТІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ПРЕЦЕДЕНТТІ ЕСІМДЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ӘЛЕУЕТІ (2024-2025 жж. БАҚ материалдары негізінде)

А. Е. Баербекова, Ж. Д. Рапишева, Ж. У. Есинбаева, А. Н. Бекмашева, С. А. Кенжегалиев

Аннотация · Abstract

Мақалада «Қазақстан» концептісін қалыптастыратын прецедентті есімдердің танымдық әлеуеті зерттеледі. Прецедентті есімдер – белгілі бір эталондық қасиеттерді бейнелейтін, ұлттық және жаһандық деңгейде танымал тұлғалардың есімдері. Мақаланың басты мақсаты – Қазақстандық БАҚ мәтіндеріндегі Қазақстан концептісін қалыптастыратын «прецедентті есімдердің» танымдық әлеуетін сипаттап, тілдік тұрғыдан талдау. Зерттеу нысаны ретінде 2024–2025 жж. қазақстандық БАҚ мәтіндерінде кездесетін прецедентті есімдердің семантикалық, прагматикалық және когнитивтік ерекшеліктері қарастырылады. Мақалада прецедентті есімдердің когнитивтік және ассоциативтік әлеуеті, олардың ұлттық және халықаралық деңгейдегі рөлі нақтыланды. Зерттеу нәтижесінде «Қазақстан» концептісін қалыптастыратын негізгі прецедентті есімдер анықталды: Қасым-Жомарт Тоқаев, Димаш Құдайберген және басқалар. Сонымен қатар, жағымсыз оқиғалармен байланысты прецедентті есімдер де талданды. Прецедентті есімдердің қазіргі тұрғыдан танымдық әлеуетін анықтау үшін, арнайы эксперимент жүргізілді. Татарстан жастары арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері «Қазақстан» концептісінің танымдық бейнесін айқындауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, прецедентті есімдер ұлттық мәдениеттің, тарихи оқиғалардың және әлеуметтік құндылықтардың символы ретінде маңызды рөл атқарады. Бұл мақала прецедентті есімдердің танымдық әлеуетін зерттеуге арналған және олардың Қазақстанның ұлттық және халықаралық деңгейдегі беделін арттырудағы рөлін көрсетеді. Кілтті сөздер: прецедентті есімдер, Қазақстан концептісі, танымдық әлеует, ұлттық код, мәдениет, саясат, ассоциативтік қабылдау, эксперимент.

Сведения · Details