Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 4.2021, с. 159-171
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ SCRATCH БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аннотация · Abstract
"Мақалада бастауыш сынып оқушыларының алгоритмдік ойлау стилін қалыптастыруда «Цифрлық сауаттылық» пәні, соның ішінде «Scratch» бағдарламалау ортасының рөлі және бастауыш сынып оқушыларына бағдарламалауды үйретуге қатысты мәселелер қарастырылады. Scratch бағдарламасының негізгі ерекшеліктері және онда қолданатын процестер талданады. Бастауыш сынып оқушыларының алгоритмдік сауаттылық элементтерін қалыптастыру, жобалар жасаған кезде және түрлі салаларда игерілетін дағдылар, сақталуы керек шарттар талқыланады. Бастауыш сынып оқушыларының «Scratch бағдарламалау ортасы» тақырыбын оқу кезінде көрсетілуі керек тақырыпшалар қарастырылып, олардың орындайтын әрекеттері мен білім, іскерліктері арасындағы қатынас, логикалық ойлау, талдау және синтездеу қабілеттерін дамытудағы «Алгоритмдер» тақырыбын зерттеу және алгоритмдерді құруды үйрену жолдары қарастырылады. Нөлден бағдарламалау жаттығулары жас бағдарламашыларды ақылды және сонымен бірге қызықты қосымшаларды оңай дамытуға ынталандырады. Осылайша, бұл бағдарламалау ортасы қолданушымен өзара әрекеттесіп, түрлі іс-әрекеттерді орындайды. Бастауыш мектептерде бағдарламалауды оқыту қоғамдағы үлкен өзгерістерге жауап бере алатын адам ресурстарының дамуына ықпал ету үшін «ойлауды бағдарламалау» қабілетін дамыту мақсатында алға жылжиды деген қорытынды жасалды. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/uesm3539
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0