Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 3.2024, с. 82-94
МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ПОЭТИКАСЫ
Аннотация · Abstract
Мақалада Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығының дидактикалық өлеңдері тақырып, мазмұн, стиль тұрғысынан қарастырылып, эстетикалық ақпарат анықталады. Ақынның дидактикалық өлеңдері діни-ағартушылық бағытта, адам бойындағы келеңсіз мінездер мен адамгершілік қасиеттерді қозғауымен де құнды. Мақаланың өзектілігі – Мәшһүр Жүсіптің дидактикалық өлеңдерінің ақынның өзіндік қолтаңбасын, стилін қалыптастырудағы рөлін анықтап, тұспалдау құралдарын пайдаланудағы әрі дәстүр, заман талабын әрі өзіндік ізденісін танытқанын дәлелдеу. Шығармаларында кездесетін кейбір діни ұғымдарды араб тіліндегі дыбысталуымен қолданып, кейбір сөздерді халықтың ұлттық танымына жақын сөздермен қолдануы нақты дәлелдермен анықталып, ғалымдардың зерттеулерімен бекітілді. Ақын өлеңдерінде кездесетін араб-парсы сөздерін ислам дініне қатысты және қатыссыз деп шартты түрде бөліп қарастырып, туындының эстетикалық құндылығын арттырып тұрғанын дәлелдеу мақаланың мақсатын құрайды. Ақын ислам дінін халықты тәрбиелеу, жақсылыққа бастайтын құрал ретінде алуды мақсат етеді. Талдауға түсіп отырған «Бес қымбат» өлеңі Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен тақырып үндестігі тұрғысынан салыстырылады. Абай сияқты өз идеалындағы адамның бейнесін жасамаса да, ислам дінінің басты қағидаттарының қазақ халқын сақтайтын таным тұрғысынан негіздегені дәлелденді. «Дауасыз дерт» туындысындағы келеңсіз мінездерді бір адам басындағы дерт емес, бүкіл қоғамның басындағы дерт деп типтік сипат беретіні анықталды. Бұл талдаулар жұмыстың ғылыми жаңалағын құрайды. Жұмыстың практикалық маңызы ғылыми қызметкерлерге, жоғары оқу орындарының филология мамандығының білім алушыларына, сондай-ақ әдебиет сүйер барша оқырманға арналады. Кілтті сөздер: поэтика, дидактикалық өлеңдер, адамгершілік құндылықтар, тұспалдау, жандандыру, эстетикалық ақпарат, ұлттық таным, типтік сипат.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/uefh5333
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0