Science and Technology of Kazakhstan, 2022, № 1.2022, с. 166-177
АВТОМОБИЛЬДІҢ ҚАРҚЫНДЫ ҚОЗҒАЛЫСЫН ЗЕРТТЕУ
Аннотация · Abstract
Автомобильдің тартушылық-жылдамдық қасиеттері бірнеше көрсеткіштерімен бағаланады. «Автокөлік құралдары. Жылдамдық сапалары» атты Мемлекеттік стандартында автомобильдің жылдамдық қасиеттерінің максимал жылдамдығы, белгілі жол бетімен қозғалғандағы қарқынды қозғалысының уақыты, белгіленген жылдамдыққа дейінгі қарқындауының уақыты секілді көрсеткіштерін және қарқынды қозғалысы мен қозғалыстан екпінімен шығуының сипаттамасын салып шығудың тәжрибе жолымен анықтаудың тәсілдері анықталып жазылған. Сонымен қатар, автомобильдің жылдамдықты тез өсіру қабілеті (приемистость) оның тартушылық-жылдамдық қасиеттерін бағалайтын негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Ал, автомобильдің «қарқындап қозғалып келіп, екпінімен қозғалыстан шығуының (разгон-выбег) сипаттамасы» оның жылдамдықты тез өсіру қабілетінің сипаттамасы болып табылады. Оның осы сипаттамасы арқылы автомобильдің берілістерін өзгерте отырып, сатылап қарқынды қозғалысын, қарқынды қозғалысының жолының ұзындығын, белгіленген жол бетінің учаскесіндегі белгіленген жылдамдыққа дейінгі қарқынды қозғалысының уақытын және т.б. анықтап алуға болады. Арнайы әдебиет көздерінде автомобильдің тартушылық-жылдамдық қасиеттерінің көрсеткіштерін анықтаудың теориялық жолдары баяндалған. Бірақ, авторлардың айтуынша, бұл көрсеткіштерді теориялық жолмен анықтауды тек сандық тәсілдерді қолданып, ЭЕМ жәрдемімен ғана орындауға болады деп тұжырымдалған. Мақалада автомобильдің орнынан жылжып, қарқынды қозғалысы сипаттамасының көрсеткіштерін аналитик жолмен анықтаудың теориялық жолдары негізделіп баяндалды, процестің теңдеулері құрылды және оның параметрлерін анықтайтын формулалары жазылып шығарылды. Баяндалған теориялық зерттеудің дұрыстығын дәлелдейтін есептеулер орындалды.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/udsi5464
- Журнал · Journal Science and Technology of Kazakhstan
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0