Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2023, № 1.2023, с. 309-320

ОНЛАЙН КОНТЕНТТЕГІ ҒАДАУАТ СӨЗДЕРДІ АНЫҚТАУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІҢ МАҢЫЗЫ

А. Б. Тоқтарова, Б. С. Омаров, Ж. Ж. Ажибекова, С. А. Мамиков

Аннотация · Abstract

"Бұл мақалада қазіргі таңда интернет желісінің күн санап дамуы адамзат тарихында жылдамдық пен сандық өмірге қол жеткізіп қана қоймай, оның екінші беті, яғни онлайн контентті қорлау немесе кесмсіту мақсатында қолданып жүрген желі қолданушыларының бар екендігі туралы, сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі балағат тілде жазылатын пікірлерді жинау үшін оңай және автоматтандырылған қадамдарды машиналық оқыту арқылы жүзеге асыруға болатыны туралы айтылған. Бүгінде, онлайн контенттегі жағымсыз пікір қалдырушылар саны қаптап кетуі проблемалар қатарын көбейтуде. Онлайн контенттен келетін қауіптің бір түрі – кибербуллинг екені белгілі, бұл өз кезегінде желі қолданушыларды эмоциональды күйге түсіріп, қандай да бір психикалық зардап әкеледі. Біз Қазақстанда пайдаланатын әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына жариялаған бейәдеп пікірлерден тұратын деректер қорын жинап жатырмыз. Көптеген әлеуметтік желілерден түскен шағымдарды зерделей отырып байқағанымыз: онлайн контентте кемсітетін яғни, балағаттау пікірлерінің жариялануы күн сайын артып келе жатқанын көруге болады. Біздің зерттеулер нәтижесі машиналық оқыту тәсілдерін қолдану арқылы әлеуметтік желілерде жарияланған дөрекі сөздердің түбірін зерттеп қана қоймай, сонымен қатар, ғадауат пікірлердің түрлерін ажыратып және автоматтандырылған деректер жиынына қол жеткізуге көмектеседі. Кілтті сөздер: онлайн контент, жасанды интеллект, бейәдеп сөздер, парсинг, табиғи тіл"

Сведения · Details