Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 2,2025, с. 288-301

"ҚАЗІРГІ ЖАЗБА КОММУНИКАЦИЯДАҒЫ ЕМЛЕ: ЖИНАҚТАУ, ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ "

Г. М. Мамырбек, А. А. Хабиева, Ж. Б. Ермекова, Ф. Б. Қожахметова

Аннотация · Abstract

"Мақалада қазақ жазуы тарихында Үкімет тарапынан ресми қабылданған емле ережелері туралы ақпарат беріліп, қазіргі жазу нормасындағы өзгерістер мен ерекшеліктер туралы талданған. Ортологиялық құралдарды жетілдірудің ғылыми-теориялық негіздерін айқындау үшін бұқаралық ақпарат құралдарынан жинақталған эмпирикалық материалдар мен жоғары оқу орындары студенттерінен алынған диктант мәтіндеріне жасалған сараптама қорытындысы негізінде қазіргі жазба коммуникациядағы қиындықтар анықталған. Талдау барысында бір сөздің әртүрлі нұсқада таңбаланып жүру себептері қарастырылып, орфографиялық ережелерден ауытқып жазылып жүрген лексикалық бірліктер тізімі анықталды. Қазіргі жазармандар тарапынан кетіп жатқан қате түрлері айқындалып, оны шешудің жолдары ұсынылды. Орфографиялық сөздікте берілмеген, кейінгі кезде пайда болған тілдік қолданыстарды жазудағы әртүрлілік, оларды кодификациялау жолдары талданды. Жазу – тілдік жүйесі мен құрылымы бар, әдеби тіл тұрғысынан орныққан тілдердің басты әрі негізгі құралы. Жазуда бірізділік сақталмаса, ол жазармандарды жазба коммуникацияда қиындықтарға ұшыратады. Сондықтан қоғам ортологиялық құралдарды басшылыққа алып, емле ережелеріне бағынып жүруі шарт. Мақаладағы зерттеу нәтижелері мен авторлар тарапынан жасалған ұсыныстар алда шығатын ортологиялық құралдарды жетілдіру ісіне белгілі бір деңгейде үлес қоса алады. Кілтті сөздер: емле ережелері, жазба коммуникация, жазу нормасы, ортологиялық құралдар, кодификациялау. "

Сведения · Details