Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 2.2024, с. 103-113

МӘШҺҮР ЖҮСІП ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ, АЗАТШЫЛ ИДЕЯМЕН САБАҚТАСТЫҚ

Г. Е. Алтаева

Аннотация · Abstract

Қазақ ағартушылығы ел азаттығының басты белгілерінің бірі ретінде білім мен ғылым арқылы ұлтты ағарту жолымен еркіндікке ұмтылу, санасын ояту идеяларын көтерді. Осындай идеялар Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларында да айтылады. Білім мен оқудың мәнін ерте ұққан, ұлт үшін келешек бағының ғылымда екендігін түсінген ақын өз өмірі туралы жазылған шығармаларында да білімді насихаттайды. Оқу-білім, ғылымды Мәшһүр Жүсіп мал тауып, адамның материалдық игілігін көтеретін байлық деп те, рухани жан дүниесін ашатын адамшылық көзі деп те алады. Ақын мұсылман дінін елді ізгілендіру, халықты жақсылыққа бастау құралы етуді мұрат етеді. Дінді қазақ қоғамында қалыптасқан үлгіде тек әдет-ғұрыптық жағдайда пайдалануды емес, білім мен ғылым негізі деп қабылдайды. Қаламгердің ағартушылық ойлары надандықты жоюдан гөрі, әлдіден қорғану, халықтың жұрт ретінде еркіндігі деген ойға бастайды. Мақалада білімді басшы туралы ойларының да қоғамдық ойдағы маңызына көңіл бөлінді. Мәшһүр Жүсіптің «ұйқы» символының стильдік белгілері ашылды. Мәшһүр Жүсіптің ағартушылық тақырыптағы туындылары өз кезеңіндегі қоғам бейнесін, қажетін ашатын тақырыптар болуымен маңызды екені дәлелденді. Кілтті сөздер: ақын, ағартушылық, дін, білім, ғылым, ұйқы, басшы, тілектестік.

Сведения · Details