Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2025, № 2,2025, с. 187-201

ПОЛИДИСПЕРСТІ МАТЕРИАЛДАРДЫ КЕПТІРУГЕ АРНАЛҒАН ҚОНДЫРҒЫНЫ ЖАСАУ

Н. О. Тусипов, Б. Б. Кабулов, Г. Б. Абдилова, А. Л. Касенов, Г. Н. Конарбаева

Аннотация · Abstract

Мақалада полидисперсті материалдарды кептіруге арналған қондырғының жасалуы қарастырылады. Кептіру агентін пайдалану тиімділігін арттыру, камера ішінде тоқырау аймақтарының пайда болуын жою, өнім бірлігіне шаққандағы энергия шығынын азайту, бөлшектердің агломерациясын жою және кептірілген материалдың жоғалуын азайту мақсатында полидисперсті материалдарға арналған кептіргіштің жаңа құрылмасы жасалды. Мақалада полидисперсті материалдарды кептіруге арналған қондырғының құрылмасы мен жұмыс істеу принципі сипатталған. Қондырғының құрылмасында орақ тәріздес саптамалар, біліктер, құйынды камера, материалды тиеуге арналған құрылғы, тангенциалды келтеқұбырлар және т.б. бар. Қондырғының жұмыс істеу принципі кептіргіш агент қысымының әсерінен ұсақталған материалды және құйынды камерадағы кинетикалық энергияны тұрақты жалған сұйылу режимінде кептіру болып табылады. Полидисперсті материалдарды кептіруге арналған қондырғыны пайдалана отырып, өнімнің ылғалдылығын зерттеу бойынша алдын ала сынақтар жүргізілді. Ылғалдылықтың өзгеру кестелері, кептіру қисықтары және майлылығы 2% сүзбені кептіру жылдамдығының қисықтары алынды. Полидисперсті материалдарды кептіруге арналған қондырғыны инженерлік есептеу әдістемесі әзірленді. Полидисперсті материалдарды кептіруге арналған қондырғыны қолдану нәтижесінде кептіру процесін қарқындатуға, тұрақты жалған сұйылу режимін құруға, өнімді біркелкі кептіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қондырғыны жоғары температураның ұзақ әсер етуін қажет етпейтін термолабилді материалдарды кептіру үшін пайдалануға болады. Полидисперсті материалдарды кептіруге арналған қондырғының құрылмасын жасау кезінде сұйытылған қабаттың гетерогенділігі аппараттың тұрақсыз жұмыс істеуіне жағдай туғызатынын, полидисперсті материалдар қабатындағы қысымның жоғалуы қабаттың биіктігіне қарай сызықты түрде артатынын, газ тарату торының айтарлықтай кедергісі бар екенін ескеру қажет. Сондықтан тиімді гидродинамикалық жағдайды қамтамасыз ету үшін кептірілетін материалды араластыратын, жоғарыда аталған жағымсыз факторлардың әсерін төмендететін және жалған сұйылу қабатында кептіруді күшейтуге ықпал ететін қопсытқышты газтарату торы жоқ қондырғыларды қолдану керек. Кілтті сөздер: жасау, процесс, қондырғы, кептіру, полидисперсті материал, жалған сұйылу.

Сведения · Details