Science and Technology of Kazakhstan, 2025, № 2,2025, с. 31-44
ЭЛЕКТРҚОЖБЕН БАЛҚЫТЫЛҒАН ТІСТЕР САПАСЫНЫҢ КЕШЕНДІ КӨРСЕТКІШІН БАҒАЛАУ
Аннотация · Abstract
Бұл жұмыста электрқожбен балқытудың технологиялық параметрлерінің (ток күші, қож ваннасының кернеуі, судың шығыны) балқытылған тісті доңғалақтар сапасының кешенді көрсеткішіне әсері зерттеледі. Ток күші балқыту аумағындағы бөлінетін жылу көлемін анықтайды, балқу тереңдігіне, негізгі металл мен тістің кристалдану шарттарына әсер етеді. Электрлі қож ваннасының кернеуі қождың электрлі қарсыласуын және доға разрядының тұрақтылығын білдіреді, ал бұл ақаусыз біркелкі тісті балқыту үшін критериялық маңызды. Судың шығыны кристаллизатордың салқындатуын анықтайды, бұл салқындау жылдамдығына, балқытылған тістің микроқұрылымына және механикалық қасиеттеріне әсер етеді. Сондықтан, балқытылған тістің сапасын бағалау үшін осы параметрлер негізгі критериялар ретінде таңдалды. Технологиялық параметрлер мен балқытылған тістердің сапа деңгейі арасындағы елеулі байланысты анықтайтын корреляциялық талдау жүргізілді. Ток күшінің 375 А дейін артуы Ki-нің өсуіне ықпал ететіні анықталды, алайда бұл мәннен асқан жағдайда қызып кету орын алып, құрылымдық ақауларға әкеледі. Қож ваннасының кернеуі процестің тұрақтылығына әсер етеді, ал ең оңтайлы нәтижелер 70,8–73,25 В аралығында байқалады. Зерттеу сонымен қатар кристаллизатордың жеткіліксіз салқындатылуы (3,5 л/мин дейін) термиялық кернеулердің жиналуына, қуыстардың түзілуіне және сапаның төмендеуіне әкелетіні көрсетілді. Нәтижелер өндірістің әртүрлі салаларында бөлшектерді қалпына келтіру технологияларын жетілдіру үшін қолданылуы мүмкін. Кілтті сөздер: кешенді сапа көрсеткіші, балқытылған тіс, қаттылық, кедір-бұдырлық, су шығыны.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/tlzs5198
- Журнал · Journal Science and Technology of Kazakhstan
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0