Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 1,2021, с. 88-100

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНДЕ КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ҮДЕРІСІНІҢ ТИІМДІ БОЛУЫНДАҒЫ ПӘНДІК ИНТЕГРАЦИ

Сагынгали Габизиятович Калкашев, Бахадурхан Шарипович Абдиманапов, Динара Даутовна Есимова

Аннотация · Abstract

"Бұл мақалада география пәні стандартында белгіленген оқушыда қалыптасу керек дағдылар мен құндылықтар қолжетімді болуындағы пәндік және пәнаралық интеграцияның маңыздылығы, тиімділігі қарастырылған. Осы пәндік байланстарды қалай тиімді жүзеге асыруға болатынын ғылыми зерттеулерге негізінде саралап, сондай-ақ оқушылардың зият қырлары, қызығушылықтары, пәндерге икемділіктері бойынша география пәніне қызығушылықтарын арттыруға болатынына нақты мысалдар келтірілген. Мұғалімдердің сыртқы фактор ретінде оқушы дағдыларын арттыру мен ішкі өзіндік Мендерін ашуға қажет мұғалім дағдылары да қарастырылған. Оқушыларға кәсіби бағдар беріп дағдаларын қалыптастыруда инновациялық әдіс, пәндік интеграция негіздемесі мен оқытудың аксиологиясы арқылы зерттеліп тиімді жоспарланды. Қазіргі заманғы нарықтық және әлеуметтік-экономикалық Білім берудегі табиғат тәрбиесі, тәрбие болжамдары, отбасылық тәрбие сияқты ұлы тәрбие ұғымдары қайта қарастырылды. Сондай-ақ мақалада білім беру реформасындағы бағдарламалар сараланып, критериалды бағалауды білім беру жүйесіне енгізу қажеттіліктері қарастырылған. Стандартқа сай оқушыда болу қажет дағдылар мен сол дағдыларды қалыптастырудағы XXІ ғасыр мұғалім құзыреттіліктері талқыланып, критериалды бағалау негізінде нені ескеру керек?, қалай жүзеге асыру керек деген сұрақтар төңірегінде нақты мысалдар және ғылыми дәлелдермен ашып көрсетілген. Бағалаудың барлық түрлеріне, түсінігі мен тәртібіне, сипаттамаларына жалпылай түсінік берілген. "

Сведения · Details