Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2022, № 4.2022, с. 251-262
КАВИТАЦИЯЛЫҚ ӘСЕРДІҢ СУДЫҢ ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНЕ ӘСЕРІ
Аннотация · Abstract
"Әр түрлі уақыт режимінде гидродинамикалық кавитация әсерінен кейін тазартылған және ағынды суларды зерттеу нәтижелері келтірілген. Кавитацияның әсер ету уақытына байланысты температураның, электр өткізгіштіктің, рН мәнінің, тотығу-тотықсыздану потенциалының, оттегінің құрамының өзгеруі тәуелділгі көрсетілген. Суды өңдеу электр қозғалтқышының қуаты 2,7 кВт роторлы типтегі кавитациялық стендте жүргізілді; жұмыс камерасының көлемі 15 л; кавитация саны χ=0,01. 15 литрлік суды өңдеу суперкавитациялық стендтің көмегімен келесі параметрлермен жүзеге асырылды: электр қозғалтқышының қуаты 4 кВт, жұмыс камерасының көлемі 15 л, төрт жүзді сына тәрізді кавитатордың айналу жылдамдығы 2880 айн/мин, кавитация саны χ = 0,01. Сонымен қатар, белсендірілген суды кавитациялық өңдеудің оптималды белгіленген ұзақтығы анықталған. Кавитациялық әсерден кейін 30, 60, 90 және 300 сек өңдеу уақытымен үлгілерде 5 мин қадаммен 200 минут ішінде белсендірілген судың рН мәндерін өлшеу жүргізілді. 12 күн ішінде электр өткізгіштік пен рН мәні тұрақты мәнді алады, бірақ 5 күннен кейін де кавитация әсеріне дейін бастапқы мәнге оралмайды.Осы уақыт ішінде барлық үлгілер үшін рН көрсеткіштері бастапқы мәнге оралмады. Эксперимент нәтижелері ағынды суларды тазарту үшін технологияны қолдану мүмкіндігін көрсетті. Кілтті сөздер: кавитация технологиясы, белсендірілген су, ағынды сулар, суперкавитация, судың физика-химиялық сипаттамалары."
Сведения · Details
- DOI 10.48081/tlfn8394
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Energetics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0