Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2023, № 3,2023, с. 22-35

Болашақ педагог-психологтардың білім берудің қазіргі технологияларын жүзеге асыруға дайындығын қалыптастыру

Г. Қ. Нуркенова, Р. Б. Маженова, Я. Данек, Д. С. Асакаева, Р. М. Айтжанова

Аннотация · Abstract

Мақалада болашақ педагог-психологтарды даярлау процесінде қазіргі технологияларды жүзеге асыру мәселесі кәсіби білім берудің маңызды бір стратегиялық бағыттарының бірі ретінде қарастырылған. Болашақ педагог-психологтардың білім берудің қазіргі технологияларын жүзеге асыруға дайындығын қалыптастыру бойынша ғалымдардың еңбектеріне ғылыми-теориялық тұрғыдан шолу жасалған. «Дайындық», «кәсіби дайындық», «педагог-психологтың кәсіби дайындығы», «кәсіби құзыреттілік» ұғымдары нақтыланған. Болашақ педагог-психологтың педагогикалық қызметке дайындық құрылымдары қарастырылып, сондай-ақ инновациялық қызметке дайындығының құрамдас бөліктері талданған. Зерттеуде қазіргі технологиялар ретінде цифрлық технологиялар басшылыққа алынған. Осыған орай цифрлық технологиялар туралы жалпы түсінік беріліп, білім берудегі маңызы айқындалған. Авторлар цифрлық технологияларды көрнекілікті қамтамасыз ететін электрондық жүйелерді пайдалануға негізделген оқу процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілі ретінде қарастырады. Оқыту сапасын сақтау және арттыру үшін, студенттің оқудағы олқылықтарды уақтылы жоюы үшін, педагог пен білім алушының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін цифрлық білім беру технологияларын белсенді түрде енгізу қажеттілігі туралы айтылады. Студенттерді даярлаудағы цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері айқындалған. Болашақ педагог-психологтардың білім берудің аталған технологияларын іске асыруға дайындығының өлшемдері мен көрсеткіштері зерделенген. Бүгінгі таңда жоғарғы мектептің оқу процесінде цифрлық технологиялардың жүзеге асырылу жағдайын анықтау мақсатында студенттерден алынған сауалнаманың нәтижелеріне талдау жасалған. Алынған нәтижелердің негізінде қорытынды жасалып, ұсыныстар берілген.

Сведения · Details