Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 4.2024, с. 404-414

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТАТАР ҮЙЛЕНУ ЖОРАЛҒЫЛАРЫНЫҢ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (БЕКМҰРАТ УАХАТОВ ЗЕРТТЕУЛЕРІННІҢ НЕГІЗІНДЕ)

А. Т. Ташекова, Н. К. Жүсіпов, Ә. К. Шапауов

Аннотация · Abstract

Аталмыш мақалада қазақ және татар фольклорындағы үйлену рәсімдеріне арналған поэзияның көркемдік ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Бекмұрат Уахатовтың еңбектеріне сүйене отырып, қазақ және татар халықтарының үйлену жырларының эстетикалық, символикалық және поэтикалық аспектілері талданады. Зерттеу барысында екі халықтың поэзиясындағы ортақ элементтер мен өзіндік ерекшеліктер айқындалады. Қазақ поэзиясында табиғи бейнелер мен әлеуметтік байланыстардың маңыздылығы, сондай-ақ әзіл-оспақ элементтерінің қолданылуы басты назарда болса, татар поэзиясында діни бейнелер, исламдық құндылықтар және рухани ритуалдардың мәні басымдыққа ие. Бекмұрат Уахатов атап өткендей, бұл жырлар тек салт-дәстүрлерді сүйемелдеп қана қоймай, халықтың мәдени және рухани құндылықтарын сақтаушы қызметін атқарады. Сондай-ақ Қазақ елінде тұратын татар халықтарының үйлену тойында айтылатын өлеңдерге де сипаттама беріледі. Мақалада олардың көркемдік ерекшеліктерімен қатар, мағынасы да ашып көрсетілді. Мақалада қазақ және татар поэзиясының мысалдары келтіріліп, олардың көркемдік ерекшеліктері салыстырмалы талдау арқылы зерттелген. Сонымен қатар қазақ және түркі туыстас халықтарының арасындағы ұқсас өлеңдерге де шолу жасалынды. Кілтті сөздер: қазақ фольклоры, татар фольклоры, үйлену рәсімдері, көркемдік ерекшеліктер, салт-дәстүрлер, Бекмұрат Уахатов, жар-жар, яр-яр.

Сведения · Details