Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 4.2021, с. 222-232

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ САБАҚТАН ТЫС ІС-ШАРАЛАР АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУ

Н. Қ. Амангалиева, С. Ж. Өмірбек, А. О. Карипжанова

Аннотация · Abstract

"Инклюзивті оқыту-ерекше қажеттіліктері бар балалардың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесін сипаттау кезінде қолданылады. Инклюзивті оқытудың негізінде балаларды қандай да бір кемсітуден бас тарту, барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз ету, сондай-ақ оқуда ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы жағдайлар жасау идеологиясы жатыр. Бұл бағыт балалардың жақсы өмір сүруіне, оқудағы жетістіктеріне ықпал етеді. Инклюзивті білім беру – ерекше білімді қажет ететін оқушылар үшін білім алу жүйесіндегі мүмкіндіктер. Дегенмен, тек қана оқу қызметін ұйымдастыру баланы жан-жақты дамытуға кепіл бола алмайды. Сондықтан, сыныптан тыс іс-шаралар мектеп үшін білім беру мазмұнының ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Аталмыш мақалада ерекше білімді қажет ететін оқушылардың әртүрлі даму салаларына сыныптан тыс іс-шаралар арқылы әсер ету мазмұны, оқушылардың қоғамдағы өмірге қажетті әлеуметтік тәжірибеге қол жеткізуі және қоғам қабылдаған құндылықтар жүйесін қалыптастыру, әр инклюзивті оқушыны дамыту және әлеуметтендіру, бос уақытында оқушылардың әлеуметтік, зияткерлік қызығушылықтарын белсенділендіруді қамтамасыз ететін тәрбиелеу ортасын құру жолдарын ұсыну қарастырылды. Жұмыс барысында сыныптан тыс іс-шаралардың бағыттылығы қарастырылып, жеке-жеке талданды. "

Сведения · Details