Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2025, № 3, 2025, с. 222-234
ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ӘДІСТЕМЕСІУ
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада Түркістан облысының мектеп оқушыларының республикалық және халықаралық деңгейдегі информатика пәнінен олимпиадаларында жүлделі орындарға ие бола алмау мәселесі жан-жақты қарастырылып, осы мәселенің шешімі ретінде информатика пәнінен олимпиада есептерін шешудің тиімді әдістемесі ұсынылған. Зерттеуде Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектеп оқушыларының информатика пәнінен өткен олимпиадаларға қатысу көрсеткіштері талданып, олардың нәтижелері жан-жақты зерттелген. Сонымен қатар, элективті курсты ұйымдастырудың және цифрлық білім беру орталарын қолданудың маңыздылығы және қажеттілігі мектеп оқушыларынан алынған сауалнама нәтижелері негізінде анықталған. Мақалада информатикадан олимпиада есептерін шешуде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану жолдары талқыланып, оқушылардың білімін арттыруда қолданудың ықпалы көрсетілген. Мәселені шешу мақсатында оқушылардың информатикадан олимпиада есептерін шығарудағы аналитикалық және алгоритмдік ойлау дағдыларын дамытуды жүзеге асыруға бағытталған элективті курс ұйымдастырылған. Элективті курсты ұйымдастыруда цифрлық білім беру ортасын тиімді қолдану нәтижелері ұсынылған. Элективті курста «ашкөз» алгоритмдері, динамикалық бағдарламалау тәсілдері және С.А. Оршанский әдістері арқылы олимпиадалық есептерді шығарудың әдістері кеңінен қарастырылған. Зерттеу барысында сауалнама жүргізу, мәліметтерді талдау және интерпретациялау, салыстыру мен синтездеу тәсілдері қолданылған. Олимпиадалық есептерді шешу әдістерінің тиімділігі 8-11 сынып оқушыларының арасындағы эксперименттік зерттеулер арқылы бағаланды. Эксперимент нәтижелері ұсынылған әдістемелерді қолдану оқушылардың олимпиадаға дайындық деңгейін айтарлықтай жоғарылатып, олардың олимпиадалық тапсырмаларды сәтті орындау қабілетін дамытқандығын көрсетті. Бұл әдіс-тәсілдерді білім беруде жүйелі түрде қолданылудың тиімділігі болашақта оқу үдерісін жақсартуға ықпал ететініндігімен анықталды. Кілтті сөздер: элективті курс, информатика пәні олимпиадалары, «ашкөз» алгоритмдер, олимпиада есептері, оқушылардың дайындық деңгейі, динамикалық бағдарламала.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/thvv3576
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0