Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Humanities series, 2020, № 4.2020, с. 46-53

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҮШТІЛДІК САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУ: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ПРАКТИКА

Жибек Ержановна Қалым

Аннотация · Abstract

Мақалада тілдік саясат негізіндегі көптілді білім беру мәселелері қарастырылады. Қазақстан Республикасындағы көптілді білім беру мемлекет дамуының аса маңызды стратегиясы және басты бағыттарының бірі болып табылады. Мақалада көптілді білім берудің табиғаты, оның Қазақстан Республикасында өзектіленуіне себеп болған факторларды, қазіргі заманғы тілдік тұлғаның дамуы тұрғысынан тілдердің қолданылу мәселелері қарастырылады. Қазақстанның көптілді білім беру ортасында тілдік білім берудің басымдықтары мен тілдік тұлғаны қалыптастыру қағидаттары атап көрсетіледі, осы мәселе бойынша әртүрлі көзқарастар салыстырылады. Қазақстан Республикасы сияқты көпұлтты социумның жаңа мемлекеттілігінің дамуы жағдайында тілдік саясат мәселелері ерекше өзектілікке ие болады деген қорытынды жасалады. Қазақстандағы қазіргі тілдік жағдай қоғамдық келісімді нығайтудың маңызды факторы ретінде Тілдердің үштұғырлығы туралы айтуға мүмкіндік береді. Үш тілді құзыреттілік тек тілді меңгеру ғана емес, бұл лингвистикалық білімге ие болу, әртүрлі тілдердің лингвистикалық ұйымдарын анықтай білу, тілдің жұмыс істеуін, сөйлеу әрекеттерін түсіну.

Сведения · Details