Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 3.2021, с. 173-187

ИНКЛЮЗИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАС

Асем Дулатовна Бримкулова, Мейрамгул Кенесбаевна Бұлақбаева, Динара Нургалиевна Жүнісбек

Аннотация · Abstract

"Мақалада инклюзивті құзыреттілікті қалыптастырудың теориясы мен практикасына негізделген қазіргі даму кезеңіндегі тенденциялардың маңызы бұл мәселені өзекті етеді. Мүмкіндігі шектеулі балалар өздеріне ыңғайлы білім беру мекемелерін еркін таңдау мүмкіндігіне ие болуы керек. Осыған орай, мақалада әр мұғалімнің кәсіби шеберліктерінің құрамдас бөлігі ретінде инклюзивті құзыреттілікті қалыптастырудың белгілі бір деңгейлері ашып көрсетілген. Инклюзивті құзыреттілік педагог құзыреттіліктерінің құрылымдарымен байланыста қарастырылады. Педагог құзыреттіліктерінің құрамдас бөліктері – адамның жеке құзыреттіліктері, педагогтың кәсіби, арнайы және жеке құзыреттіліктер. Бұл құзыреттіліктердің жалпы сипаттамасы инклюзивті білім беруде қалыптасқан тәжірибені өзінің кәсіби іс-әрекетінде қолдана алу біліктілігімен түсіндіріледі. Мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктері мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеуде шыңдалып, өздерінің нәтижелерін беруі қажет. Сондықтан мақала қажетті, теориялық және практикалық тұрғыда маңызды деп есептейміз. "

Сведения · Details