Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2020, № 3.2020, с. 340-347

Жоғары білім беру жүйесінің тарихы мен бағыттары

Маликова Гулсара Каиржановна, Жуматаева Енгилика

Аннотация · Abstract

"Мақалада дүние жүзілік білім беру жүйесі ретінде қалыптасқан жоғары білім беру мектебінің көптеген ғасырлық тарихы сараланып, әлемдегі, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының пайда болуы мен дамуының өзіндік жолы баяндалады. Адамзат тіршілігінің негізгі міндеттерінің бірі-білім алу. Қандай мемлекет болмасын, өркендеу жолы, яғни экономикалық-әлеуметтік мәртебесінің көрсеткіші – сол елдің білімінің дәрежесімен байланысты. Өркениет шыңындағы елдер қатарына ену-бәсекеге қабілетті мамандардың сапа деңгейімен, санымен өлшенеді. Сондықтан жастардың сапалы білім алуына мемлекет мүдделі. Аталған мәселеде бірнеше жікке бөлінетін ғалымдар пікіріне методолиялық талдау жасалды. Түп тамыры – философиялық мектеп, медреселер, музейлер мен эфебияларда жатқан институт, университеттер мен академиялардың интеграциялық даму сатысы, білім мазмұнындағы өзгерістер мен университеттердің барлық кезеңге ортақ басты қағидалары айқындалады. "

Сведения · Details