Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 4.2024, с. 183-194
ПАРЕМИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК ҚОРДЫҢ ЗАМАНАУИ КӨРІНІСІ
Аннотация · Abstract
Мақалада қазақ халқының асыл да бай мұрасы – паремиологияның заманға сай өзгеріске түсуі қарастырылады. Оның мән-мағынасын ашу барысында ғалымдардың пікірлеріне шолу жасалады, яғни лингвомәдениеттану саласы бағытында баспа бетін көрген шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми ой-тұжырымдары сараланады. Тәжірибелік қыры интернет желісінен, түрлі сөздіктер мен көркем шығармалардан жинақталған тілдік деректерді талдау арқылы жүзеге асырылады. Тіл білімінің лингвомәдениеттану саласы қазіргі таңда қарқынды дамып келе жатыр. Сондықтан да ол көптеген зерттеушілерге қызығушылық тудырып, түрлі аспектіде зерделену үстінде. Тіл және мәдениет тұтастығына негізделетін ұлттық дүниетанымның құрамдас бөлігі – паремиология екені анық. Мақал-мәтелдер өзінің қалыптасу, даму жолымен, мән-мағыналық сипатымен ерекшеленетін лексикалық бірліктердің бірі болып табылады. Онда ұлттың мұң-мұқтажы мен тұрмыстық жағдайлары көрініс табады. Тілдің паремиологиялық қоры халықтың рухани өмірімен, өткен тарихымен тығыз байланысты және тілдегі ұлттық нақышты, дүниенің тілдік бейнесінің ұлттық ерекшелігін көрсетеді. Мақал-мәтелдер арқылы құндылықтарымыздың жаңаша қырдан, заманауи көзқараспен өзгеріске ұшырағаны байқалды. Зерттеу жұмысында тілдік бірліктердің мағынасын ашуда лингвомәдени талдау, салыстырмалы әдіс, тілдік бірліктерді жинақтау, сипаттау, түсіндіру әдістері пайдаланылды. Кілтті сөздер: паремиология, паремиологиялық сөздік қор, заманауи көрініс, лингвомәдени бірлік, лексикалық бірлік, ұлттық дүниетаным.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/tdxv4683
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0