Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2022, № 3.2022, с. 160-169

ТОППЕН ОҚЫТУ ӘДІСІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Ж. Қ. Сағынтаева

Аннотация · Abstract

"Мақалада топпен оқыту әдісін дұрыс әрі тиімді пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері ашылады. Оқушыларды бір топқа үйлестірудің оқыту үрдісінде алатын орны мен маңыздылығы көрсетіледі. Психолог, педагог ғалымдар, бизнестегі жетістігі бар тұлғалардың ғылыми дәлелдерімен негізделеді. Халық даналық сөздерімен ұштастырылады. Топтастырып оқытуда басты мәселе топтастыру, әйтпесе топтастырып жұмыс жасату емес, ынтымақтастыруға, психологиялық мәдениетке тәрбиелеу, яғни ортаға ыңғайлану, эмоциясын басқара білу, басқаларды тыңдай алу, біреудің табысына қуану, көмектесу, үйрену, сынды қабылдау, алға ұмтылу, т.б. қасиеттерді қалыптастыру, дамыту болып табылады. Топтастыру, топпен ұйымдастырылған түрде жұмыс жасатудың өзіндік ұстанымдары, талаптары мен жолдары бар. Әрбір топтық әдісті қолданушы мұғалімге нәтижелі пайдалану үшін оларды білген зор еңбек. Пайдаланып отырған әдістің мақсат-міндетін, пайдалану жолын білмейінше, көздегеніне жету мүмкін емес. Осыған байланысты топпен оқытуда мұғалімге қойылатын талаптар, ұсынылатын тапсырмалардың бағыты және оның нәтижесі ұсынылды. Тапсырмалардың танымдық-тәрбиелік жағына көңіл аударылуы керек. Топпен оқытуда бір-біріне ықпал ету жағы да қарастырылуы тиіс. Мақалада соған сәйкес тапсырмалар үлгісі ұсынылды. Топпен оқытудың негізгі ұстанымдары анықталып, берілді. "

Сведения · Details