Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 3,2025, с. 19-33
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ОҚУЛЫҚТАРДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН КІРМЕ ТЕРМИНДЕРДІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚАБАТТАРЫ
Аннотация · Abstract
Қазіргі таңда ұлттық терминологиялық қорды құру қажеттілігі терминологиялық жұмыстың басты міндеттерінің бірі ретінде қарастырылып отыр. Мектеп оқушыларының қызығушылығын арттыру, зерттеу дағдыларын, қоршаған орта жайлы пайымын қалыптастыруда терминнің атқарар қызметі орасан зор. Мектеп жасындағы балаларға қоршаған орта туралы түсінікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін негізгі пәндердің бірі – жаратылыстану пәндері. Оқулықтардағы терминдердің аударылу мәселесі, төл терминдер мен кірме терминдердің жасалуы, терминжасамға қатынасы, тілдік табиғаты, оқушыға ақпараттың қабылдауы тиісінше сәйкес келу жағдайлары қарастырылады. Лексикалық қабаттарына тілдік дерек ретінде орта ғасырдағы құндылыққа толы Ясауидің «Диуани хикметінен» мысалдар келтіріледі, бүгінгі қолданыстағы өзгерістерді тілге тиек етеді. Оқу үдерісінде кездесетін бейтерминденген сөздердің шығу тегіне, тілдік қабаттарына байланысты мәліметтер қарастырылады. Тіліміздегі «аэлогизм» және «неолексизм» үдерісі арқылы жасалатын терминдердің жасалуына бірқатар мысалдар келтіреді. Терминдердің ұлт тілі негізінде жасалған терминдер, кірме терминдер, лексикалық қабаттар, қосымша морфемасы төл тілден болған терминдерді талдауға әдістемелік көмек ретінде пайдалануға болады. Қазіргі таңда оқулықтардағы терминдердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыға түсіндіруде, қабылдауда оңтайлы әдіспен жасалуына баса мән беріледі. Кілтті сөздер: жаратылыстану пәні, оқулық, жаратылыстану терминдері, кірме термин, лексикалық қабаттары, Ясауи тілі.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/svap9386
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0