Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2023, № 4,2023, с. 9-20
МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУҒА САНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ӘСЕРІ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІН ТАЛДАУ
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада математика пәні бойынша оқу үлгерімінің өзгеру динамикасына сүйене отырып, мектеп оқушыларын оқытуда сандық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін бағалау қарастырылады. Осы мақсатта online-mektep оқыту порталы және порталды пайдаланушылар саны мен білім алушылардың математика пәнінен оқу үлгерімі арасындағы байланысты зерттеу үшін статистикалық талдау жүргізіледі. Мұндай зерттеу бірнеше себептерге байланысты өте маңызды. Білім беруде технологияны пайдаланудың артуымен математика пәнінен білім беруді жақсарту үшін қосымша онлайн платформаларды қалай пайдалануға болатынын түсіну маңызды. Онлайн порталдар қосымша ресурстармен, интерактивті құралдармен және мультимедиялық мазмұнмен қамтамасыз ету арқылы студенттердің оқу процесін жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл порталдардың оқу үлгеріміне әсерін түсіну мұғалімдерге оларды оқытуға қалай біріктіру керектігі туралы негізделген шешімдер қабылдауға және әр оқушының қажеттіліктерін жеке қанағаттандыруға көмектеседі. Ал деректерге корреляциялық талдау оқушылардың оқу үлгерімін жақсарту үшін сіздерге портал пайдалы болып табылады деп айтуға мүмкіндік береді. Мақалада келесі зерттеу әдістері қолданылады: ғылыми әдебиеттерді, қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерін талдау және жалпылау, математикалық білім беруді қолдану саласындағы қолданыстағы модельдер мен цифрлық білім беру ресурстарын зерттейтін әдістемелік талдау. Зерттеудің практикалық маңыздылығы мақала материалдарын, білім беру бағдарламаларын, цифрландырудың озық тәжірибелерін енгізу кезінде математика сабақтарында, сондай-ақ орта және жоғары педагогикалық мекемелерде математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі бойынша семинарларда қолдану мүмкіндігінен тұрады.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/suox1877
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0