Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 1.2025, с. 307-317
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕйұлының «Гүлшат-Шеризат» дастаны
Аннотация · Abstract
Бұл мақала Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығыс қиссаларының сарынында жазылған «Гүлшат–Шеризат» дастаны жөніндегі зерттеу болып табылады. Қазақ әдебиетінің тарихында ерекше орны бар философ, ағартушы, фольклортанушы, ақын, ойшыл, этнограф, тарихшы, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығын, оның ішінде дастандарын жан-жақты зерттеу – бүгінгі күнгі өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының әдеби мұрасын зерттеп, осы тақырыпта қалам тартқан ғалымдар аз емес. Ақын шығармалары бойынша көптеген диссертациялар қорғалып, ғылыми еңбектер де жарияланды. М. Ж. Көпейұлының поэтикалық мұраларының едәуір бөлігін дастандар құрайды, ол бірнеше ірі дастандар жазған ақын. Дастандары әр түрлі тақырыпта жазылған, олардың біреуінде жеке адамдардың өмірі сипатталса, енді бірінде қоғам өмірі сипатталады, бірі діни тақырыпта жазылса, енді бірі шығыстық сюжеттерден алынып, шығыстық сарында жазылған. «Гүлшат-Шеризат» дастаны Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ақындық шеберлігінің айқын көрінісі болған айшықты шығармасы. Дастан адамшылық, әділдік, адал ниет тақырыбында жазылған, дастанда әділдіктің жеңіске жетуі, әділдік, ғашықтық сөз болады. Мақаланың мақсаты – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының дастандарын қарастыру, оның ішінде «Гүлшат-Шеризат» дастанына көркемдік тұрғыдан талдау жасау, оның басқа дастандармен ұқсастығын және айырмашылығын ашып көрсету. Кілтті сөздер: Мәшһүр Жүсіп дастандары, идея, тақырып, сюжет, зерттелу тарихы, көркемдік ерекшелік.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/suca7190
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0