Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2022, № 4.2022, с. 166-179
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ АРҚЫЛЫ КЕҢІСТІКТІК ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ
Аннотация · Abstract
Мектепке дейінгі балалардың білім беру іс-әрекетінің маңызды бағыты, атап айтқанда ойлауын, түйсігін, қиялын дамыту қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру дан басталады. Кеңістіктік ойлау бейнелерді жасау және пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді және жеке тұлғаның маңызды қасиеттерінің бірі болып табылады. Кеңістіктік ойлауды дамытудың ең сәтті процесі мектепке дейін және бастауыш мектеп жасында жүреді. Мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістіктік ойлауды қалыптастыру және дамыту әдістерін жетілдірудің мүмкін бағыттары сипатталған. Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық дамуында модельдеу әдісі жазықтық және көлемді материалдарды пайдалану арқылы уақыт кезеңдері мен кеңістіктік қиялды қалыптастыруда кеңінен қолданылады. Кеңістіктік модельдеу қол жетімді заттарды (құрылыс материалдарын, геометриялық фигураларды және басқа да импровизацияланған материалдарды) парақтың бетінде немесе үстел жазықтығына орналастыру арқылы (сурет, сызба түріндегі графикалық бейне)жүзеге асырылады. Көрнекі модельдер күнделікті іс-әрекетте кеңінен қолданылады. Олар, әрдайым пайдаланудағы түрлі құралдар, нысандар, кестелер, карталар, макеттер, сызбалар және т. б. Сондықтан нысандар арасындағы түрлі (көбінесе жасырын) қатынастарды көрсету және оларды пайдалану түрлі мәселелерді,сонымен қатар шығармашылық іс-әрекеттерді де шешуге ықпал етеді.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/stkk6238
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0