Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2025, № 2,2025, с. 513-533

ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛЕРІНІҢ ЖОҒАРЫ ЗИЯТКЕРЛІК КАДРЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

З. К. Чуланова

Аннотация · Abstract

Қазіргі экономиканың табысты дамуы инновациялық міндеттерді шешетін, инновациялық үрдістерді жаңа идеялармен, әзірлемелермен және технологиялармен қамтамасыз ететін жоғары білікті мамандар мен ғалымдарсыз мүмкін емес. Қазіргі заманғы білікті кадрлар ауқымды технологиялық жаңартуларды жүзеге асыруға және жаңа өндірістер мен жабдықтарды құруға қабілетті болуы тиіс. Бұл зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі кадрлық әлеуетті қалыптастыру және дамыту, оның зияткерлік құрамдас бөлігін дамыту мәселелері, сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік-экономикалық және инновациялық дамуы мүддесінде адам ресурстарын басқару мәселелері бойынша ғалымдардың еңбектері болды. Теориялық және қолданбалы мәселелерді шешуде жалпы ғылыми зерттеу әдістері, жүйелік және салыстырмалы талдау әдістері, сараптамалық бағалау әдістері, инновациялық даму теориясының әдістері, инновациялық менеджмент, адами капиталды басқару, әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқару теориясы және тағы басқалары қолданылды. Теориялық және практикалық дереккөздерді талдау нәтижелері кадрлық инновациялық әлеуетті дамытудағы проблемаларды анықтауға мүмкіндік берді және ел өңірлерінде зерттеулер мен әзірлемелермен айналысатын қызметкерлер санын арттыру мақсатында оны қалыптастыру мен дамытудың оңтайлы моделін әзірлеу қажеттілігін айқындады. Бұл модель белгілі бір аймақ экономикасының инновациялық даму жағдайларына жүйеленген және бейімделген басқарудың арнайы принциптері мен құралдарына негізделген. Кілтті сөздер: кадрлық әлеует, білім, зияткерлік, аймақ, басқару

Сведения · Details